© Оңтүстік Қазақстан
облысының әдістемелік
орталығы, 2018
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.........................................................................................................4
|
|
«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі.............................................5
|
|
«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі.......................................10
|
|
«Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс» бөлімі....................16
|
|
1-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.....................................24
|
|
«Тығыздық» бөлімі..................................................................................28
|
|
«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі.................................................33
|
|
2-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.....................................43
|
|
«Қысым» бөлімі.......................................................................................48
|
|
«Жұмыс және қуат» бөлімі.....................................................................56
|
|
3-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.....................................65
|
|
«Энергия» бөлімі.....................................................................................73
|
|
«Күш моменті» бөлімі.............................................................................80
|
|
«Жер және ғарыш» бөлімі......................................................................87
|
|
4-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары.....................................93
|
|
Қорытынды..............................................................................................100
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................101
|
|
КІРІСПЕ
Егеменді елдің ертеңі халқының интеллектуалдык потенциалының жан-жақтылығымен және алған білімінің тереңдігімен, үздіксіздігімен байланысты. Ғылымда дүниетанымның диалектикалық бірлігі «табиғат-қоғам-адам» ойының жүйелілік бірлігімен айқындалады. Дүниетанымның өзекті тірегінің бірі табиғат болғандықтан, жаратылыстану ғылымдарының өзара байланыс әрекеттері туралы білім меңгерілуі керек.
Ұстаз оқушыларын қазіргі жаратылыстану ғылымы, қоғамдағы алатын орны, өзін қоршаған ортамен әрекеті, адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасы, табиғаттың көптеген процестері мен құбылыстары және тепе-теңдік заңдылықтары, экологиялық жағдайларды анықтау туралы ғылыми білімдер жүйесімен қаруландырады.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз игілігіне жұмсайтындар, сөз жоқ қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екендігі белгілі. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірге байланысты ұйымдастыру оқушылардың қызығуын, білімге құмарлығын арттыру, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулу, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдени сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы.
Оқу-әдістемелік құрал жаңартылған бағдарламаға көшкен 7-сыныпқа сабақ жүргізетін физика пәні мұғалімдеріне бөлімдер бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін көмекші құрал ретінде құрастырылған. Бөлім, ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары екі нұсқада берілген. Тапсырмалар физика сабағында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Аталған әдістемелік құрал оқушылардың білім деңгейін бөлім бойынша, тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу мақсаттарын басшылыққа ала отырып бағалау критерийлерін түзіп, оларға сәйкес бөлімдер бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар және жиынтық бағалауға тапсырмалар, дескрипторлар мен балл қою кестесі берілген. Сонымен қатар әр бөлім үшін жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика жасалған. Әдістемелік құралды кез келген мұғалім өз сабақтарында қолдана алады.
Оқу-әдістемелік құрал физика пәні мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, өңірлік үйлестірушілерге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |