2. Мақсаты:Омыртқалардың, қабырғаның төстiң құрылыс ерекшiлiктерiн үйрету. Бас сүйектерiнiң құрылысын зерттеу.
3. Оқыту мақсаты: Мойын, кеуде, бел, омыртқаларын тауып, атап көрсету, студенттерге үйрету. Сонымен бiрге қаңқадан жеке сүйектерден сегiзкөздi түсіндіру. Қабырғаны, төстi тауып, бөлiктерiн көрсетiп, олардың құрылысын айтып беру. Бүтiн бас сүйегiнен маңдай, төбе, шүйде, тор, сына және самай сүйектерiн тауып, көрсетiп, олардың бөлiктерiн, құрылысын айтып бере алу, студенттерге үйрету. Оң және сол сүйектердi ажырата алуға, олардың проекциясын бүтiн бас сүйегiнен көрсете алуға үйрету.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары: Сүйек ағза ретінде, формасы, құрылысы, орналасуы.
Дене айналуының бiлiктерi мен жазықтықтары.
Омыртқа бағанасына жалпы сипаттама.
Омыртқалардың жалпы белгiлерiн айтып шығу.
Мойын омыртқаларына сипаттама және оның типтік өкілдері.
I-мойын омыртқасын айту.
II- мойын омыртқасын тауып атау, оның ерекшелiктерiн айту.