Жағдайлық есептер: №1. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?
Жауап:Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.
№2. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.
Жауап: Омыртқа бағанасының бел бөлігінің лордозының үлкеюіне алдыңғы ұзына бойлы жалғаманың жарақаттануынан болады.
Сабақ №3 1. Тақырыбы: Бас, мойын, кеуде бұлшықеттері мен шандырлары. Қолдың бұлшықеттері мен шандарлары. 2. Мақсаты: Бастың, мойынның, тұлғаның бұлшық еттерiмен фасцияларын зерттеу.
3. Оқыту мақсаты: Муляждардан, планшеттерден мимикалық және шайнау бұлшықеттерiн тауып, атап көрсете алу, олардың басталуларын, байлануларын, құрылысын және функциясын айтып бере алу, студенттерге үйрету. Мойын, тұлға бұлшықеттерiн, топографиясын бiлу.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары: Төбе бұлшықеттерi.