Жағдайлық есептер: №1. Көшеде алған жарақаттан кейін зардап шеккен адамда жүрек жұмысы тоқталды. Алғашқы көмекті қалай көрсетеміз және қаңқаның қай бөліктеріне зақым келді?
Жауап: Төс сүйегі аймағында ритімді қозғалыс арқылы жүрекке жасанды массаж жасау керек.
№2. Көшеде алған жарақаттан ұйқы артериясының тармақтарынан мойын аймағынан қан ақты, қан ағуын уақытша тоқтатуға бола ма?
Жауап: Мойын аймағындағы ұйқы артерияларының қан ағуын тоқтату үшін оны VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіндегі төмпешікке басады.
№3. Омыртқалардың қысқа қырқа өсіндісінде және көлденең өсіндісінде кішкене тесіктер бар. Омыртқаны анықта
Жауап: Типтік мойын омыртқасы
№4. Автомобиль авариясынан адам басының бүйір беті жарақаттанды. Самай сүйегінің қабыршығы пирамидадан бөлінді. Бұндай жағдайда самай сүйегінің қай каналы бұзылды?
Жауап: Бұлшықет-түтікті өзек зақымдалады.
№5. Операция кезінде хирург самай сүйектің астыңғы бетіндегі пирамидасында мойындырық тесікке бағытталған. Оператордың дұрыс емес әрекетінде қандай канал бұзылуы мүмкін?
Жауап: Оператордың дұрыс емес әрекетінде ұйқы артериясының өзегі бұзылуы мүмкін, арты қан кетуге соқтыруы ықтимал
№6. Бір жасар балада рентгенологиялық суретте бассүйектің маңдай бөліміндегі ортаңғы сызығында саңылау байқалады. Оның себебі неде?
Жауап: Маңдай сүйек екі бөліктен дамиды, 2 жасқа таман метопикалық тігіспен бітіседі.
№7. Жол апатынан кейін зардап шеккен адамда мұрын жарақаттанды. Бұл жерде мұрын пердесінің сынуы байқалды. Бұл жағдайда қай сүйек зақымданған?
Жауап: Торлы сүйек пен өре сүйек.
Сабақ №2
1. Тақырыбы: Сүйектер қосылысы. Қол және аяқ сүйектерінің қосылыстары. 2. Мақсаты: Тұлға және қол, аяқ сүйектерiнiң байланыстарын зерттеу.
3. Оқыту мақсаты: Омыртқа бағанасындағы байланыстардың түрлерiн бiлу. Қабырғалардың омыртқаларымен және төспен байланыстарын, жеке препараттардан бассүйектердің, тұлғаның, қолдың және аяқтың сүйектерін көрсету, тауып беруді үйрету.