Жағдайлық есептер: №1. Плевритпен ауратын ауруды рентгеноанатомиялық тексерістен өткізгенде, оның плевра қуысынан сұйықтықтық табылды. Сұйықтықтың жиналуы плевраның қай бөлігінде болды?
Жауап:Сұйықтықтың жиналуы, оның салмағына байланысты қабырға-диагфрагмалық синусында болды.
№2. Кеуде қуысының рентген суретінен дәрігер сол өкпенің «өкпелік алаңы»оң өкпеге қарағанда кіші екенің байқалды. Оң және сол өкпелердің көлемі бірдей еместігін немен түсіндіруге болады?
Жауап: Сол өкпенің кішілігі жүрекке байланысты, ол кеуде қуысының сол жағында көп орын алып жатыр.
№3. Ауруды қараған кезде, жүректің оң жақ шекарасы төстен 3 см оң жаққа қарай ығысқан. Жүректің қай шекарасы үлкейген?
Жауап:оң қарынша
№4. Жүрек ұшының соғуы 5- қабырғааралықта ортаңғы бұғана сызығында сыртқа қарай сезіледі. Жүректің қай камерасы үлкейген?
Жауап: сол қарынша
Сабақ №9 1. Тақырыбы: Ауыз қуысы, тіл, тістер, сілекей бездері, таңдай, олардың құрылысы және қызметі. Өнеш, асқазан. 2. Мақсаты: Ауыз қуысының қабырғалары мен iшiндегi ағзаларды зерттеу.
3. Оқыту мақсаты: Ауыз қуысындағы ағзаларды тауып атап, көрсете алу, студенттерге үйрету. Ауыз қуысындағы бездер мен iрi сiлекей бездерiн тауып, атап сипаттама бере алу. Асқазанның синтопиясын, голотопиясын бiлу, студенттерге үйрету.