Жағдайлық есептер: №1. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.
Жауап: 10-12 айлық бала
№2. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның үлкейгені туралы ойлау керек?
Жауап:Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
№3. Инфекциондық гепатит диагнозымен аурухананың инфекциялық бөліміне ауру түсті. Ауруда терісінің сарғайғаны , несебі қара, нәжісі ақ екені байқалады. Дұрыстап қарағаннан кейін ауру хирургиялық бөлімге ауыстырылады да өт қапшы тасы бойынша тез операция жасалынды.Диагноз холастаз шақырған тастар қай анатомиялық құрылымда болғанын көрсет.
Жауап: Жалпы өт өзегі
№4.Операцияда аурудың ұйқы безінің басы үлкейгені байқалады. Неге бұл патологияда өт 12 елі ішекке түспейді?
Жауап: Жалпы өт өзегінің онекіелі ішекке өт құйылуында бұзылыстар байқалған
№5.Ауруда – қапшықталған немесе қоршалған перитонит деген диагноз қойылды. Ортаңғы қабаттың қай анатомиялық құрылымында инфекция жиналуы мүмкін.
Жауап: Шажырқайлық қойнаулар
№6. Аурудың асқазанынының артқы қабырғасында ісік бар. Қойған диагноздың дұрыстығын тексеру үшін хирург қай анатомиялық құрылыс арқылы саусағын тығып тексереді ?
Жауап: Шарбылық тесік
Сабақ №11
1. Тақырыбы: Несеп ағзалары: бүйрек, несепағар, несепқуық, несеп шығаратын өзек. Еркек жыныс ағзалары: құрылысы, қызметтері. 2. Мақсаты: Несеп шығаратын ағзалар жүйесiнiң органдарының құрылысын, функциясын зерттеу.
3. Оқыту мақсаты: Бүйректiң, несеп ағардың, қуықтың, несеп шығаратын каналдың топографиясын, макро-микроскопиялық құрылыстарын бiлу, студенттерге үйрету.
4. Тақырыптың негiзгi сұрақтары: Бүйректiң микроскопиялық құрылысы.