Жағдайлық есептер: №1. Дәрігер-рентгенолог бүйрек рентгенограммасын қарағанда оның түбекшесі қап тәрізді, кіші табақшалар бірден түбекшеге құятыны (үлкен табақшалар жоқ) көрінді. Даму варианттарын ескере отырып дәрігер бүйректің экскреторлық жолдарының қай пішініні көрді?
Жауап:Дәрігер рентгенолог бүйрек экскреторлық ағашының эмбриональдық пішінін тапты.
№2. Ауруда несеп-тас ауруы. Несеп ағардың қай жерлерінде тас тұрып қалып тесікті жабуы мүмкін.
Жауап: Түбекшеден шыққан жерінде, кіші жамбасқа өткен жерінде, қуыққа кірген жерінде.
№3. Шат сүйектерінің жарақатынан кейін, симфиз маңында жылжу байқалды. Қай ағзаның қызметі бұзылуы мүмкін?
Жауап: Бұндай жарақатта қуық бұзылады.
№4. Несеп шығаратын өзектің өткізбейтіндігінен, несепті қуықты тесіпшығару керек. Бұл манипуляцияны іш пердесін жарақаттамай жасауға бола ма?
Жауап: Балада, тесіп кіргізу құрсақтың алдыңғы қабырғасында симфиздің үстіңгі жиегіне жасалынады.
№5. Ауруда қабыну процесінде бүйректің милық заты зақымданған. Бұндай жағдайда нефронның қай бөлігі өзгереді.
Жауап: Бұндай жарақатта нефронның Генле ілмегі зақымданады.
№6. Бір бүйректің экскреторлық ағашының рентгендік суретін алу үшін контрасты затты сәйкес несеп ағарға салады. Қандай ориентирлер бойынша несеп ағардың тесігін қуықтың шырышты қабатынан табады?
Жауап: Несеп ағарлардың тесіктері үш бұрышты алаңының бүйір бұрыштарында орналасқан, қуықтың шырышты қабатында қатпарлар болмайды.
Сабақ № 12 1. Тақырыбы: Жыныс ағзалары: еркек және әйел жыныс ағзалары құрылысы, функциялары. Шат аралық.
2. Мақсаты: Жыныс ағзаларының және шат аралықтың құрылысы мен функциясын зерттеу.
3. Оқыту мақсаты: Жыныс ағзаларын тауып, атап көрсетiп олардың құрылыс және функциональдық ерекшелiктерiн айтып бере алу, студенттерге үйрету.