Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет6/47
Дата07.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#72365
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Жұмыстың барысы.
1. Бүтін ДӨШ арнайы ұсақтағыш аппаратурада ұсақтап болған соң, одан аналитикалық сынама аламыз. ДӨШ сәйкес НҚ көрсетілген елеуіштен ұсақталған шикізатты өткіземіз.
1 минут ішінде елеуіштен өткізген шикізаттың мөлшері елеуіште қалған шикізаттың 1 % құрайтын болса, онда елеуді тоқтамыз.
2. №1 аналитикалық сынаманың массасына қатысты елеуіштен өткен бүтін шикізаттың ұсақталған бөлшектерінің массасын өлшеп, пайыздық мөлшерін есептейміз. Аналитикалық сынаманың массасы 100гр асатын болса, онда ±0,1гр қателікпен өлшейміз., ал егер 100 гр болса, онда ± 0,5гр қателікпен өлшейміз.

m1×100
Х=------------------ (%), 
m

2 жұмыс. ДӨШ құрамындағы қоспаларды анықтаймыз.
Қоспаны анықтауды №2 аналитикалық сынамаға НҚ сәйкес жүргіземіз. Қоспа – шикізатты дайындау және кептіру кезінде түсетін бөтен өсімдіктің қалдықтары және заттар. Кез келген белгілі бір шикізат үшін стандартта бекітілген қоспаның шекті мөлшері болады. ДӨШ құрамындағы қоспалар органикалық, минералды, ұйғарымды шекті және ұйғарымсыз шекті болады. Органикалық қоспалар:
- НҚ көрсетілмеген сол шикізаттың басқа бөліктері;
- басқа өсімдіктердің қалдықтары (улы емес);
- берілген шикізаттың бүлінген жерлері;
- кептіру және тасымалдау, тарату кезінде пайда болған ұсақ бөлшектері (мысалы, үгітіліп түсіп қалған гүлшоғыры).
Минеральды қоспалар дәрілік өсімдік шикізатын жинау және өңдеу кезінде түседі. Ұйғарымсыз шекті (мүмкін емес) қоспаларға: улы өсімдіктер, металды заттар, шыылар, құстармен кемірушілердің тезегі, басқа ұқсасөсімдіктер. ДӨШ құрамындағы қоспаны анықтау методикасын МФ аламыз
Жұмыстың барысы.
1. Шикізаттың ұсақталған бөліктерін елеуіштен өткізіп болған соң, қалған аналитикалық (бүтін шикізат үшін) сынаманы төртбұрышты таза, тегіс, ақ қағаздың бетіне себеміз. Сосын НҚ көрсетілген пинцеттің көмегімен қоспаларды теріп аламыз. Әдетте қоспаларға жатады:
- шикізаттың бүлінген бөліктері (қарайған, шіріген, түссізденіп кеткен бөліктері);
- шикізатқа жатпайтын осы өсімдіктің басқа бөліктері; 
- органикалық қоспа (улы емес өсімдіктің басқа бөліктері);
- минералды қоспалар (топырақ, құм, тастар).
2. Қоспаның әр қайсысын бөлек өлшеп, оның пайызын есептейміз (Х) :

m1×100


Х= ------------, 
m2

m1- қоспаның массасы, 



m2 – аналитикалық сынаманың массасы

3 жұмыс. ДӨШ қамба зиянкестерімен зақымдану дәрежесі.
ДӨШ арнайы сынамасынан қамба зиянкестерімен зақымдану дәрежесін анықтаймыз. Қамба зиянкестерімен зақымдану дәрежесін анықтау ДӨШ қабылдау және сақтау кезінде міндетті түрде жүргізеді. Қамба зиянкестеріне жатады: кене,қоңыз, бізтұмсық, қамба күйесі және т.б. жатады. ДӨШ қамба зиянкестерімен зақымдану дәрежесін МФ көрсетілген методика бойынша анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет