Жұмыстың барысы
1. Аналитикалық сынаманы диаметрі 0,5мм елеуіштен өткізеді. Елеуіштен өткен шикізаттан кененің мөлшерін анықтайды. Елеуіште қалған шикізаттан күйені, бізтұмсықты және олардың дәрнәсілдерін, басқа тірі және өлі зиянкестерді анықтаймыз.
2. Табылған зиянкестердің және олардың дәрнәсілдердің мөлшерін 1 кг шикізатқа қатысты есептейді және оның зақымдану дәрежесін анықтайды.
Зақымдану дәрежесі
Кененің саны
Басқа зиянкестер
I.
Саны 20 жетпейді
Саны 5 жетпейді
II.
Саны 20, арасында еркін қозғалып жүреді
Саны 6-10
III.
Саны 20-дан асады, еркін қозғалып жүре алмайды, шикізаттың бетін қаптап тұрады
10-нан астам
Қамба зиянкестерімен зақымданған шикізатты дезинсекциядан өткізеді, сосын диаметрі 0,5мм немесе 0,3мм елеуіштен өткізеді. Шикізатты өңдеп болған соң, зақымдану дәрежесіне қарай қолданысқа жібереді. І дәрежелі зақымданған шикізатты медицинада қолдануға жарамды болып саналады, ІІ дәрежелі және кей жағдайда ІІІ дәрежелі зақымданған шикізатты жеке препарат алу үшін қолданады.
№ 4 Жұмыс Жалпы және 10% тұз қышқылы ерітіндісінде ерімейтін күлділікті анықтау А) 1-3г (тек жалпы күлді анықтау кезінде) және 5г (жалпы және 10% НСІ-да ерімейтін күлді анықтау кезінде) майдаланған шикізатты алдын-ала тұрақты массаға дейін кептірілген фарфор тигельге салып, тигельдің жан-жағына тегістеп орналастырады. Тигельдегі шикізатты абайлап газды жанарғының әлсіз жалынында немесе электроплиткада жандырады.
Шикізат толық жанғаннан кейін қалдықты толық құрыштау үшін тигельді муфель пешке ауыстырады. Күлдендіруді 550-6500С температурада тұрақты массаға дейін жүргізеді. Күлдендіру аяқталғаннан кейін, аздап суыған, бірақ әлі де ыстық тигельді эксикаторға қойып салқындатады да, массасын өлшейді. Егер қатар екі өлшеудің айырмашылығы 0,0005г-нан аспаса, тұрақты массаға жетті деп есептеледі.
Егер салқындатқаннан кейінгі қалдықтың құрамында әлі де көмірдің бөліктері болса, онда оған бірнеше тамшы сутек пероксидін, концентрлі НNO3 немесе 10%-ті аммоний нитратын қосып, тартпа шкафтың астында су моншасында буландырады да, қайтадан қалдық біркелкі түске келгенше құрыштайды.
Б) 10% НСІ-да ерімейтін күлдің мөлшерін анықтау үшін жалпы күлі бар тигельге 10мл 10% НСІ құйып, тигельді сағат шынысымен жауып, қайнап тұрған су моншасында 10 минуттай қыздырады. Салқындаған соң ерітіндіні күлсіз сүзгі арқылы сүзіп, тигельді, сағат шынысын және сүзгіні (жуылған суға 2%-ті AgNO3 тамызғанда тұнба түзілуі тоқтағанша) дистильденген сумен шаяды. Тигельді және сүзгіні тұрақты массаға дейін құрыштайды.
Абсолюттік құрғақ шикізаттағы жалпы күлдің мөлшерін төмендегі формуламен есептейді.
Мұндағы, Х1 - жалпы күлдің мөлшері, %;
m1 –күлдің салмағы, г;
m2 –шикізаттың салмағы; г;
W - шикізатты кептіру кезінде жоғалтқан массасы, %.
Абсолюттік құрғақ шикізаттағы 10% НСІ-да ерімейтін күлдің проценттік мөлшерні есептеу формуласы:
Мұндағы, Х2 - 10% НСІ-да ерімейтін күлдің мөлшері, %;
m1 –күлдің салмағы, г;
m-сүзгі күлінің массасы (егер оның мөлшері 0,002г-нан көп болса);
m2- шикізаттың салмағы; г;
W – шикізатты кептіру кезінде жоғалтқан массасы, %.
№ 5 Жұмыс. Ылғалдылықты анықтау Өсімдік шикізатының ылғалдылығын анықтау әдістемесі: 3-5г (қателігі 0,1г-нан аспайтын) майдаланған шикізатты алдын-ала кептіріп, өлшенген бюкске салады. Бірінші өлшем кезінде шикізат тамыр, тамырсабақ, жеміс, тұқым болса, онда шикізатта 3 сағат бойы қыздырады. Сосын өлшеуді әр 30 сағат жүргізеді. Бюксті шикізатымен қоса (ашық қақпағымен бірге) 100-1050С-қа дейін қыздырылған кептіргіш шкафқа қояды. Шикізатты тұрақты массаға дейін кептіреді. Егер 2 сағат кептіріліп, 30 минут эксикаторда салқындатылғаннан кейінгі екі өлшемнің айырмашылығы 0,1г-нан аспаса, тұрақты массаға жетті деп есептеледі.
Шикізаттағы ылғалдың проценттік мөлшерін төмендегі формула бойынша есептейді.
(m – m1)×100
Х= -------------------- (%),
m
Мұндағы, Х-ылғалдылық мөлшері, %;
m- шикізат салмағы, г;
m1-шикізаттың кептіргеннен кейінгі салмағы, г.