Ситуациялық есептер: №1 есеп: Н., есімді 35 жастағы науқас, аймақтық терапевт дәрігерде ем қабылдаған.
Диагнозы: ІІ дәрежелі эссенциалды гипертония.
Медикаментозды терапия қабылдаған.
Сұрақ: 1. Мейірбике осы науқасқа реабилитологияның тағы қандай құрадарын тағайындай алады?
2. Осы жағдайға психологиялық реабилитацияны ұсынуға болады ма?
№2 есеп: 32 жастағы науқас, асқазанның ойық жарасымен стационарлы ем қабылдаған. Қазіргі кезде шағымы жоқ. Тәулігіне 10 темекі тартады.
Сұрақ: 1. Алдағы реабилитация неден тұрады?
2. Санаторияға жіберуге болады ма?
3. Мейірбике реабилитацияның жеке бағдарламсын құрастырғанда медициналық реабилитацияның қандай этаптарын көрсетуі керек.
2- сабақ
1. Тақырыбы: №2 Реабилитология аспектілері. Реабилитациялық іс шаралар кезеңдері.
2. Мақсаты: Реабилитацияның медициналық және физикалық аспектілерімен қатар емдеу әдісі ретінде жүзеге асырылатын, қалпына келтірудің психологиялық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар. «Қалпына келтіріп емдеу» термині орнына «реабилитация» термині қолданылуға ұсынылды.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуі тиіс: Психологиялық аспект;