Есептер 1. Әртүрлі жануарлардың қуық қабырғаларын салыстырғанда, олардың эпителийі әртүрлі екендігі анықталды. Құбылыс жануарлардың түріне байланысты ма?
2. Емтиханда студентке несеп ағар түтігінің екі препараты берілген. Бұл препаратта несеп ағар түтіктің бұлшық етті қабығында екі қабат көрінген. Студенттің жауабында екінші препараттағы өзгеріс қалыпты жағдайдан ауытқу нәтижесінде болған деп түсіндіреді. Сіздердің пікірлерінің бойынша бұл құбылысты қалай түсіндіресіз?
3. Аналық жыныс безінің екі кесіндісі тексерілді. 1-де примордиальді, бастапқы фолликульдер, атретик дене және жетілген сары дене байқалды. 2-де примордиальді, бастапқы және екінші фолликульдер, жетілген фолликул, атретик дене байқалды. Бұлардың әрбірі овориальдік циклдің қай кезеңіне сәйкес? Бұл кезеңдерде аналық жыныс безі қандай гормондарды бөледі?
4. Екі жатырдың кесіндісі тексерілді. 1-де эндометрий жұқа, бездер тар және түзу, эпителий және дәнекер тінде көптеген бөлініп жатқан клеткалар кездеседі. 2-де эндометрий қалың, бездер кең иірімді, тамырлар жақсы көрініп тұр. Бұл примордиалді менструациялық циклдің қай кезеңіне дұрыс келеді?