Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет11/40
Дата02.10.2023
өлшемі348,5 Kb.
#112629
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
метод-ЛПЗ-орг-хим-фармация-каз

Жұмыстың орындалуы:
Жай айдау тәсілін төмендегі тәртіп бойынша орнатамыз.
2 штатив орнатамыз. 1-ші штативке электроплитамен су моншасын орнатамыз. Ұстап тұрғыш және винттердің көмегімен түбі домалақ (Вьюрц колбасын) бекітеміз. Айдау колбасын мойны арқылы айдайтын сұйықты құямыз. «Қайнатқыш ретінде майдаланған фарфор кесектер бөліктерін пайдаланамыз. Бұл сұйықтың бірқалыпты қайнауын және қатты қызып кетпеуін камтамасыз етеді.Мойнында тығыны бар айдау колбасында (Вьюрц колбасына) термометр орнатамыз. Ол термометрдің сынап бағынасынан 0,5 см төмен тұруы керек және термометрдің шаригі айдау сұйығының буында шайылып тұруы қажет. Су төменнен жоғары, яғни ағымға қарсы ағатындай етіп, резина шланганы Либихтің тоңазытқышына жалғаймыз. Екінші штативке ұстап тұрғыш және лапка көмегімен Либихтің тоңазытқышын бекітеміз. Либих тоңазытқышын Вьюрц колбасына жалғаймыз, сосын суды жібереміз. Сосын тоңазытқышқа алонж арқылы қабылдағышпен жалғастырамыз. Сосын колбадағы сұйықты су монша және электроплитка көмегімен қыздыра бастаймыз және температрасын қадағалап отырамыз. Айдау жылдамдығын 1 сек. ішінде қабылдағышқа 1-2 тамшы дистиляттан артық түспейтіндей етіп жүргіземіз. Вьюрц колбасында аз мөлшерде сұйық қалған кезде айдауды тоқтатамыз.
Айдау біткен соң қолданылған «қайнатқышты тастаймыз, өйткені олар сұйық суып қалған соң, өздерінің эффектісін жоғалтады. Айдау кезінде су тоңазытқышқа үздіксіз түсіп тұруын қадағалап отыру керек, өйткені байқаусыз жағдайда өрт немесе жарылыс болуы ықтимал.
°äåáèåò:
Íåãiçãi:
1.Ïàòñàåâ À.Ê., Ахметова А.А., Алиханова Х.Б.Îðãàíèêàëûº õèìèÿдан зертханалық нұсқау. Øûìêåíò, 2005, 3-êiòàï, -Á. 39-269.
2. «Руководство к лабораторным занятиям по органической химии под редакцией Тюкавкиной Н.А. Медицина. Москва, 1985, -С. 42-55.
Бақылау сұрақтары:
1.Жай айдау техникасына түсініктеме беріңіз.
2. Жай айдаудың аяқталуын көрсететін белгілерді атаңыз.
3. Жай айдау кезінде қолданылатын ыдыстарды атаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет