Оқу бағдарламаларынан Түсінік хат


«Алгебра» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет3/12
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11986
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«Алгебра» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру





  1. «Алгебра» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  2. 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

3) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

2.7-сыныпқа арналған алгебра пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

  1. 5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау.

  2. «Бүтін көрсеткішті дәреже». Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру. Санның стандарт түрі. Өте кіші және өте үлкен сандармен байланысты практикалық есептер шығару. Абсолюттік және салыстырмалы қателік. Құрамында дәрежесі бар сандар тізбектері.

  3. «Көпмүшелер». Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Көпмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүше мен көпмүшені стандарт түрі. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

  4. «Функция. Функцияның графигі». Функция ұғымы. Функцияның графигі. Сызықтық функция және оның графигі. Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу. у=ах2, у=ах3 және  (k≠0)  түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері.

  5. «Статистика элементтері». Бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдары. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі. Жиілік алқабы.

  6. «Қысқаша көбейту формулалары». Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласы. Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадратының формулалары. Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубының формулалары. Екі өрнектің кубтарының қосындысы және кубтарының айырымының формулалары. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Теңдеу және теңсіздік құру арқылы берілген мәтінді есептерді шығару.

  7. «Алгебралық бөлшектер». Алгебралық бөлшектер және оның негізгі қасиеті. Алгебралық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару. Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

  8. 7-сыныптағы алгебра курсын қайталау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет