Оқу бағдарламаларынан Түсінік хат


-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА



бет6/12
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11986
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хаттан

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша 6, 8, 9-сыныптарда пәндерді оқыту ҚР МЖМБС-2012 және 2013 жылғы оқу бағдарламаларымен жүргізіледі және келесі пәндер оқытылады:

8-9-сыныптар - «Алгебра», «Геометрия». Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты, алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.

«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен:

- оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;

- математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;

- игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;

- дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;

- математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде

анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.

«Математика және информатика» білім саласының пәндерін оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап

оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту педагогикалық тәсілдерін қолдану ұсынылады. Пәнге деген

қызығушылықты арттыру жолдарының бірі оқушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пәні

бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында

оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.2017-2018 оқу жылындағы 8-сыныптарда математика пәнінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет