8-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Квадрат түбір», «Квадрат теңдеулер», «Квадраттық функция», «Теңсіздіктер», «Ықтималдықтар теориясы туралы алғашқы мағлұматтар және математикалық статистика» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсы мен 7-сыныптағы алгебра курсын және соңында 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.
9. 8-сыныпта оқытудың міндеттері: рационал сандармен арифметикалық амалдар орындауда есептеу біліктігін пысықтау; натурал көрсеткішті дәреже мен бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану біліктілігін пысықтау; рационал бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану білікігін пысықтау; рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау білікігін пысықтау; мәтінді есептерді шығару біліктілігін пысықтау;
бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін жетілдіру; сызықтық функцияның графигін салу біліктігін жетілдіру; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру;
айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымаласы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту; өрнектерді түрлендіру, тепе-теңдіктерді дәлелдеу біліктігін бекіту; көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу, өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын қолдану біліктігін бекіту;
интервалдар әдісімен таныстыру; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығымен таныстыру;
құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру біліктігін қалыптастыру; квадрат және рационал теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру; квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шығару біліктігін қалыптастыру; рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шығару біліктілігін қалыптастыру.