Оқу үдерісін жетілдіру үшін бағалау


Оқу міндеттері – оқу мақсатына жетуде жасалатын кішігірім қадамдарды білдіретін тұжырымдар. Жоспарлау кезінде оқыту мақсаттары мен міндеттері оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес болуы тиіс



бет2/3
Дата02.05.2023
өлшемі10,38 Kb.
#89091
1   2   3
Байланысты:
Оқу үдерісін жетілдіру үшін бағалау-melimde.com (1)

Оқу міндеттері – оқу мақсатына жетуде жасалатын кішігірім қадамдарды білдіретін тұжырымдар. Жоспарлау кезінде оқыту мақсаттары мен міндеттері оқытудың күтілетін нәтижелеріне сәйкес болуы тиіс.

Талдау жасайық !


  • Сабақтың тақырыбы: Етістік

  • 1- мысал: Сабақ мақсаты: Етістік туралы түсіндіру, етістікке байланысты жаттығуларды орындату арқылы етістікті анықтау дағдысын қалыптастыру.

  • 2-мысал: Сабақ мақсаты: 1.Етістіктің сөз табы екендігі туралы білу.

      2. Етістіктің іс-әрекет пен қимылды білдіретін сөз табы екенін білу.

      3. Етістікке байланысты жаттығуларды орындай білу.



Бағалау критерийлері БЛУМ таксономиясы негізінде

Мақсаттар


Пайдаланылатын етістіктер


Білім

еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу

Түсіну

қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау

Қолдану

көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Талдау

ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Жинақтау


тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау


Бағалау

жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

Табыс критерийлері


  • Табыс критерий – оқыту міндеттеріне қол жеткізуде «ЖЕТІСТІККЕ АПАРАТЫН ҚАДАМДАРДЫ» көрсетеді, негізгі білімдерін бекіту үшін сабақ бойы қолданылады. Табыс критерий нақты және 2-3 –ден аспау керек.

  • Табыс критерийлері – мұғалімдердің оқушыларға нені оқығандарын нақты тұжырымдауға көмектесу үшін пайдаланатын және оқушылармен олардың жұмысы туралы диалогқа және өзара іс-қимылға негіз бола алатын өтініштері

Жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін өзі бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс.



Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.
Дереккөз:http://nationalstrategies.standards.dcsf.gov.uk/node/18700




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет