Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін
тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын өзгерістен
айқындайды.
Салыстырмалы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге
тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді. Мысалы, М.Томановтың
«Түркі тілдерінің салыстырмпалы фонетикасы» (1981), «Түркі тілдерінің
салыстырмпалы тарихи фонетикасы» (Л., 1984) деп аталатын еңбектер.
Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық
құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф. Палатограф,
рентгенограф т.б.) көмегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл
тұжырымдар жасайды.
Физиологиялық
фонетика. Тілдегі дыбыстардың артикуляциялық,
акустикалық қасиеттерін зерттейді.
Фонология
немесе
функционалдық
фонетика.
Тілдегі
дыбыс
құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1.Фонетика нені зерттейді?
2. Тарихи фонетика нені зерттейді?
3. Тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала?
Әдебиеттер тізімі:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993. 213-217 б..
2. Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975,
219-223 б..
3.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. А., 1988, 26-28 б.
Достарыңызбен бөлісу: