Оќу-јдістемелік кешеніне кіріспе


-дәріс. Тілдің сөздік құрамының өзгеру жолдары, себептері



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата03.12.2022
өлшемі272,55 Kb.
#54544
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
7-дәріс. Тілдің сөздік құрамының өзгеру жолдары, себептері. 
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп 
аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, 
күнкөріс – тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. 
Қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе 
жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған 
неологизмдер мен термин сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер 
де, қысқасы, тіліміздегі барлық сөздер кіреді. 
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай бірнеше топқа 
бөлінеді: 1) сөздің әдеби және әдеби емесігіне қарай: әдеби лексика 
мен диалектілік лексика болып, 2) әдеби тілдегі сөздердің халыққа 
таныс және онша таныс еместігіне қарай жалпыхалықтық лексика мен 
арнаулы лексика болып, 3) тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік 
мәніне қарай бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді. 
Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы сол тілдің сөздік 
құрамын, яғни лексикасын құрайды. Қазақ тілінің сөздік құрамы 
тілдің күллі сөз байлығын қамтиды. 
Сөздік құрамдағы жаңару жаңғыру процесіне тілдің сөзжасам жүйесі 
ат салысады. 


Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1.Сөздік құрам дегеніміз не? 
2. Сөздік құрамның өзгеру себептері. 
3.Дыбыстардың түсіп қалу процесі? 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,
2. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы. 
Аламан, А., 1991 
3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 
4. Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 
8-дәріс. Халықарлық лексика, байырғы лексика, кірме сөздерді 
игеру, « пуризм », « экзотизм » ұғымдар. 
 Лексикология туралы жалпы мәлімет. Лексикологияның мақсаты мен 
зерттеу нысаны. Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары. Қазақ 
тілінің лексикологиясы- қазақ тілірің сөздік құрамын тексеретін ғылым 
екендігі, қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай тіл екендігі, тіл білімінің 
этимология, ономосиология, семасиология, лексикография салаларының 
лексикологиямен байланысы жөнінде түсінік беру. 
Ұлттық дәуір талабына сай жаңа деңгейде, ұлттық тіл деңгейінде, тіл 
дамып жетіліп отыраыды. Қазақ тіл лексикологиясының негізгі зерттеу 
объектісі- сөз. Сөздің қызметі, қоғамдық қатынастардың барлық саласында 
қолданылуы туралы түсінік беру. Қазақ тіл білімінің зерттелуін, қазіргі қазақ 
тілі лексикологиясының өзінің орны, тарихы бар екендігін түсіндіру.
Студенттердің білімін тексеру үшін берілетін сұрақтар: 
Тіл білімінің қанша саласы бар?
Лексикологияның зерттеу нысаны 
Қазақ тіл лексикологиясы қай уақыттан бері зерттеле бастады? 
Лексика дегеніміз не? 
Лексикологияның қарастыратын мәселелері туралы не білеміз? 
Лексикологиямен теңдес салалар туралы не білеміз? 
Әдебиеттер тізімі: 
Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен 
фразеологиясы. А, 2003. 
Ә. Хасенов. Тіл білімі. А, 2002
К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А, 1973. 
І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі 
(Лексика, фонетика) А, 1975. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет