Оќу-јдістемелік кешеніне кіріспе


-дәріс. Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаты



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата03.12.2022
өлшемі272,55 Kb.
#54544
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3-дәріс. Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаты. 
 
Таңба – жіберушісі мен қабылдаушысы бар белгілі бір ақпараттың 
көрсеткіші болып табылатын материалдық дене. Егер кез келген 
материалдық дене өзінің алғашқы емес, екінші қызметін атқарып тұрса, сол 
материалдық дене таңба болып есептеледі. 
Таңбаның түрлері: белгі таңба, сигнал таңба, символ таңба, тілдік таңба. 
Белгі таңба – заттың өз бойындағы одан бөліп алуға болмайтын белгісі. 
Мысалы, адамның дене қызуының көтерілуі. 
Сигнал таңба – заттың өз бойынан тыс келісім бойынша жасалған таңба. 
Мысалы, қоңырау дыбысы. 


Символ таңба – дерексіз бейнелі ұғымдарды білдіретін таңба. Мысалы, 
мемлекеттік символика. 
Тілдік таңба – таңбалардың ерекше жүйесі, әмбебап таңба. Себебі, тіл 
арқылы кез келген ақпарат шексіз жіберіледі. Басқа таңбалық жүйелердің 
қабілеті шектеулі. Сондай-ақ тілді кез келген адам қолданады, ал басқа 
таңбалық жүйелердің қолданушысы шектеулі. Алғаш рет таңба терминін 
философ Джон Локк қолданды. 
ХХ ғ. бас кезінде таңбаны, таңбалық жүйені зерттеудің 3 аспектісін 
көрсеткен Фердинанд де Соссюр болды. Кез келегн таңбалық жүйені 
зерттейтін ғылмды семиотика деп атаған – америка математигі Чарльз Пирс. 
болды. Ол адамды таңбаның жасаушысы және таңбаны абылдаушы ретінде 
қарастырды. Пирстің ойынша, таңбаға үш сипат тән: материалдық қабық, 
таңбалау обьектісі, талқылау ережелері.
Тілдің белгілі бір құрылымы және қызметі (функция) бар, бір бүтін (тұтас) 
жүйелі құбылыс ретінде өмір сүреді. Құрылым мен жүйе тілге ғана емес
сонымен бірге басқа да құбылыстарға тән болуы мүмкін. Сондықтан да, ең 
алдымен, жалпы «жүйе» («система») және «құрылым» («структура») деген 
ұғымдардың мән - мәнісін айқындап алу қажает.Жалпы «жүйе», «құрылым» 
туралы ұғымдарды айқындау тілдің жүйелі сипаты мен құрылымдық 
қасиетін танып білуге көмектеседі. 
Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары: 
1. Синхрония дегеніміз не? 
2. Диахрония дегеніміз не? 
3. Тілдің жүйелігіне мысал келтіру. 
4. Шартты таңбаларға тоқталу.
Әдебиеттер тізімі: 
1. А. Байтұрсынов. Тіл тағлымы. А., 1992. 147-148 б. 
2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1999. 
3. Исаев С. М. Қазақ тілі.А.,1993, 11-13 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет