ликворды анализдеудің клиникалық маңызы бар. Мысалы, іріңді менингит кезінде ликворда ақуыздың мөлшері күрт жоғарылап кетеді (5-20г/л), қалыпты жағдайда (0,15-0,40 г/л) болатыны белгілі. Сонымен қатар глюкозаның мөлшері төмендеп кетеді оны гипогликорахия деп атайды. Энцефалитте, диабетте ликвордағы глюкозаның мөлшері жоғарылап кетеді, оны гипергликорахия деп атайды.Хлор анионының мөлшері менингитте төмендейді де, энцефалитте жоғарылайды. Менингит және инсульт кезінде, ми ісігенде, зақымданғанда жұлын сұйығында АсАТ, ЛДГ және т.б. ферменттердің активтілігі жоғарылайды.
Сілтілік фосфатазаның
негізгі бөлігі остеобласта орналасқан және оның активтілігі остеобласта остеоцитке қарағанда жоғары болады. Сілтілік фосфатаза эфирден фосфат-ионын акцепторға тасымалдап, сүйектің кристаллизациялану ядросын түзуге қатынасады. Сүйек ұлпасы мен қан плазмасындағы сілтілік фосфатазаның мөлшері остеобластардың активтілігіне байланысты. Сүйек сынықтарының жазылу кезеңінде, рахитте және гиперпаратиреозда сілтілік фосфатазаның активтілігі сүйек ұлпасында және қанда жоғарылайды, оны диагноз қою үшін қолдануға болады.
Қышқылдық фосфатаза
остеокластта болады. Ол сүйектің минералдық матриксін резорбциялау процессіне қатынасады, яғни қышқылдық фосфатаза фосфор қышқылының органикалық эфирін ыдырату реакциясын катализдеп, фосфат-ионының босап бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
Пирофосфаттар минерализациялану процессінің ингибиторы болып саналады. Пирофосфаттарды пирофосфатазаның әсерімен ыдырату нәтижесінде сүйек ұлпаларында минерализациялану процесстері жүреді.
Сүйек ұлпаларының резорбциялану процессіне лизосомалар-дың қышқылдық гидролазалары да қатынысады (аминопептидаза, бетта-глюкуринидаза, галактозидаза, гликозидаза, коллагеназа, фосфоамидаза, нуклеотидаза, АТФ-аза және фосфатаза )