Бірігу операциясы R және S қатынасының бірігуін (UNION) R S көшірмелер кортеждерін алып тастағаннан болатын бір қатынастың пайда болуымен олардың конкатенациясының нәтижесінен алуға болады. Бұл жағдайда R және S қатынастары бірігу бойынша үйлесімді болу керек, басқаша айтқанда деректер типтері сәйкес келетін өрістердің бірдей санынан тұруы керек. R және S екі кестесінің бірігуі кесте болып табылады, ол R бірінші кестесінде болатын, S екінші кестесінде болатын немесе екі кестеде бірден болатын барлық жолдардан тұрады.
Қиылысу операциясы Қиылысу операциясы (INTERSECT) R S = R – (R - S) R және S қатынастарында болатын кортеждерден тұратын қатынасты анықтайды. Қатынастар бірігуі бойынша үйлесімді болулары керек. R және S екі кесте қиылысуы болып екі бастапқы кестеде де қатар кездесетін барлық жолдардан тұратын кесте болып табылады.
Айырма операциясы (EXCEPT) R – S екі қатынас айырымы R қатынасында бар, бірақ S қатынасында жоқ кортеждерінен тұрады. R және S кестелерінің айырмасы R және S қатынастары бірігуі бойынша үйлесімді болулары керек. R және S екі кесте айырымы болып R кестесінде бар, бірақ S кестесінде жоқ барлық жолдардан тұратын кесте болып табылады.
6 Статистикалық функцияларды қолдану. Топтау арқылы сұраныс жасау. HAVING инструкциясы Деректер қорындағы ақпараттар бойынша қорытынды жасау үшін агрегатты (қорытынды) функциялар қолданылады. Агрегатты функциясы аргумент ретінде деректердің қандай да бір бағанын тұтастай қабылдайды, осы бағанды жинақтайтын бір мәнді қайтарады.
Баған мәнінің қосындысын есептеу SUM( ) статистикалық функциясы бағанның барлық мәндерінің қосындысын есептейді. Бұл жерде баған деректердің сандық типіне жатуы керек. Осы функциямен қайтарылатын нәтиженің типі деректер типіндей болуы керек.
Бағанның орташа мәнін есептеу AVG( ) статистикалық функциясы бағаннын барлық мәндерінің орташа мәнін есептейді. Бұл жерде баған деректердің сандық типіне жатау керек. Осы функциямен қайтарылатын нәтиже баған сияқты деректер (бұл функция алғашында барлық деректерді қосады, содан соң бөледі) типіндей болмауы мүмкін.