ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша



бет26/46
Дата09.11.2022
өлшемі350,85 Kb.
#48750
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Байланысты:
шагын

Сұрақтар мен тапсырмалар
№ 1. Суретпен жұмыс
№ 2. Сөздікпен жұмыс
 
4.3тақырып. Тіл сабақтарында өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау және өзін өзі бақылау жұмыстарының түрлері
Мақсаты:Тіл сабақтарында өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерін ұғындыру. Сөздік қорын дамыту үшін өзбетіндік жұмыстардың ерекшелігімен таныстыру.
1. Тіл сабақтарында өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру
2. Өзбетіндік жұмыстардың түрлері
1. Тіл сабақтарында өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастыру
1. Тіл – мәдениеттің негізгі тұғыры, ұлт болып жасауының шарты. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Тілді дұрыс пайдалану адамның сөздік қорына және оны орынды қолдануына байланысты. Сөз байлығы мол балалардың ойы ұшқыр болып, шешен, әсерлі сөйлейді. Бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – оқушыларда осындай қасиеттерді қалыптастыру және дамыту. Шәкірттердің тілі бай болса, онда ол ұлт тарихын, мәдениетін халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл маржандарын оңай игереді. Бұл - балаларды ұлтжанды етіп тәрбиелеудің алғышарты.
2. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын жетілдіру жұмыстары бірнеше маңызды мәселелерді шешеді:
- оқушылар тілдік қатынасқа түсіп, өз ойын емін-еркін жеткізеді;
- оқулықта берілген тілдік материалдарды жете ұғынуына мүмкіндік береді;
- сөздерді мағынасына қарай орынды қолданып, тіл мәдениеті жетіледі;
- шығармашылық қабілеттері дамиды;
- сөздік қоры молаяды.
3. Бастауыш сыныпта сөз мағынасымен жұмыс 4 бағытта жүргізіледі:
- сөз құрамын оқыту барысында;
- сөз таптарын оқыту барысында;
- сөз тіркесін оқыту барысында;
- сөйлемді оқыту барысында.
4. Сөз таптарын оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді тап. Сын есімдердің мағынасын түсіндір
Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп.
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп. (Қ.Аманжолов)
Жаман әдеттен жирен” мақалындағы жирен сөзін “Менің жирен атым бар” сөйлеміндегі жирен сөзімен салыстыр.
Оқулық соңында берілген түсіндірме сөздіктен бұрыш, хикая, шіл, түбіт, суат, қой, құрақзат есімдерінің мағынасын біліп ал. Мысалы: суат– өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.
Берілген сөздердің ішінен бірнеше мағынасы барларын іріктеп көшіріп жаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет