ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша


Ауа райына байланысты табиғат болжамдары



бет40/46
Дата09.11.2022
өлшемі350,85 Kb.
#48750
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Ауа райына байланысты табиғат болжамдары
1.Қыста торғайлар ұясына мамық тасыса, күн кенеттен қатты суып кетеді.
2.Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады.
3.Үйрек бір аяғын тұрып, басын қанатыының астына тықса, аяз болады, аязды күні қанатын желпісе, аяз басылады.
4.Ит арқасымен түлесе, қыс жайлы, бауырынан түлесе, қыс қатты болады.
5.Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса боран немесе дауыл тұрады.
6.Боран жұма күні басталса, ол келесі жұмаға дейін басылмайды.
7.Наурыз күні қар жауса, ол жылы жақсылық көп.
8.Күн бұлтқа батса, келесі күн жауын-шашады.
9.Мысық пешке тығылса- күн аяздың алды, ит аунаса- жаңбыр жақын.
Қорытындылау: Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін тексеру.
9.1 тақырып. Бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері бағдарламасын талдау
Мақсаты: Бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу
1.ҚР бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша бейнелеу өнері сабағының мақсаты, міндеттері
2. Бейнелеу өнерінен шығармашылық жұмыстар
1.ҚР бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша бейнелеу өнері сабағының мақсаты, міндеттері
Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Себебі бастауыш мектеп кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады. Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады:
• бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;
• бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау;
• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін анықтау;
• оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен ұщтасуына көмектесу;
• бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау.
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде оқушылармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну, байқай білу қабілетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе, сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер («Түстерді ажырат», «Кім алғыр», «Үйлестіре біл», т.б.ойындар)тиімді қолданылса, оқушылардың табиғат сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп, сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық танымы, білімі, талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет