2. 1-3 сыныпоқулығымен байланыстыра отырып, сабақ үлгісін жасау 10.1тақырып. ШЖБМ-те музыка сабағының күнтізбелік – тақырыптық жоспар құру әдістері
Мақсаты: Күнтізбелік – тақырыптық жоспар құру әдістерін меңгерту.
1.Күнтізбелік – тақырыптық жоспар құру әдістері
Құрастырған Р.Ә.Сүлейменова. 1-сынып
Алған музыкалық білімдерінің деңгейін,ой-өрістерінің дамуын қорытындылау
Дәстүрден тыс, сайыс концерт сабақтары
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар дегеніміз не?
2. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар құру әдістемесі
10.2 тақырып. ШЖБМ-тегі музыка сабағы пәнінен сабақтың үлгі жоспарын құру әдістері Мақсаты:Музыкалық білімдерін арттыру. Қазақ халық әндерін, халық ақындарының шығармаларын үйрену. Музыканың түрлерімен таныстыру.
Өз халқының өнерін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Әндердің әуені мен сөзінің байланысын түсіне білуге баулу. Музыкалық қорларын дамыту. Музыканы тыңдай отырып, оның негізгі мазмұнын түсіне білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
1. ШЖБМ-тегі музыка сабағы пәнінен сабақтың үлгі жоспарын құру әдістері
Шағын комплектілі мектептегі 1 - 3 - сыныптарда өткізілетін сабақтың үлгі жоспары
Сабақтың тақырыбы: Табиғат туралы әндер
Қазақ халық әні "Алатауды" тыңдау
"Сурет сабағы" әнін үйрену
Музыкасы: К.Қуатбаевтікі.
Сөзі: О.Әубәкіровтікі
Сабақтың тақырыбы: "Ақылың болса жыр тыңда"
Жалынды ақын Махамбет
Махамбеттің термесін тыңдау.
"Солдат болам мен ертең" әнін үйрену.
Музыкасы: К.Дүйсекеевтікі
Сөзі:Ш.Сариевтікі
Сабақтың көрнекілігі: 1 - сыныптар үшін "Таукөрінісі, табиғат көрінісі" . Көрнекіліктер: Дауыс жаттықтыруға байланысты көрнекіліктері. Сабақ қорытындылау үшін сөзжұмбақ. Махамбеттің суреті. 3-сыныпта әнге байланысты суреттер. Әскери адамдар әскери көріністер суреттері т.б. көрнекіліктері.
Сабақтың барысы Ұйымдастыру екі сыныпқа бірдей жүргізіледі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Сәлеметсіз бе,мұғалім (әуенмен амандасу).
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Қандай музыкалық шығармалар тыңдадық?
-Қандай әнді үйден қайталап, сөзін жаттауға берілді?
Осы сұрақтар әр сыныптың өз тапсырмасы бойынша қойылып, жауап алынады.