2. Еңбек сабағының ұйымдастырылуы
Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың орындайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Еңбек сабағының блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін, тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс. Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері еңбекке баулу сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт.
Тапсырмалар:
1. Еңбек сабағының ұйымдастырылу әдістері
2. Еңбек сабағының мақсаты
3. Еңбек сабағының міндеттері
Достарыңызбен бөлісу: |