ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша


тақырып. ШЖБМ еңбек сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері



бет57/81
Дата19.04.2022
өлшемі8,06 Mb.
#31564
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81
Байланысты:
000b6ede-35d0b3a8

6.2 тақырып. ШЖБМ еңбек сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Мақсаты: Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу әдіс – тәсілдерін меңгерту. Еңбек кабинетінің жабдықталуын түсіндіру.
1. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу

2.Еңбек кабинетін жабдықтау


1. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың іс-әрекетінің бір түрі – еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмүны мен оған қойылатын талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Ол жоғарыда бағдарламада айтылған. Мәселен, бастауыштың жоғары сыныптарындағы балаларға тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:

- үлкендер еңбегіне ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу (техникалық қол еңбегіне, ауыл шаруашылық және гүл өсіру, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі бойынша);

- асқа, шайға өздігінен дастархан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару (аспаздық жұмыстардың түрлері бойынша);

- қол еңбегі кабинетін, еңбек құралдарын, заттарын, тазалықта сақтау, заттарды, еңбек құралдарын үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;

- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар.

- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;

- аспаздық жұмыстар бойынша өздігінен дастархан әзірлеуге, оны жинауға, тазалық сақтауға дағдыландыру;

- қоғам пайдалы еңбекте мұғалімнің немесе үлкен сыныптың оқушылары көмегімен мектеп ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет