ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша


Бейнелеу өнерінен шығармашылық жұмыстар



бет69/81
Дата19.04.2022
өлшемі8,06 Mb.
#31564
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81
Байланысты:
000b6ede-35d0b3a8

2. Бейнелеу өнерінен шығармашылық жұмыстар

Оқушылардың  рухани жан дүниесі бай болуы үшін ең алдымен көркем өнерлік сана дамуының ерекше маңызы бар. Оқушылардың бейнелеу  өнеріне деген қызығушылығын оятып,эстетикалық сезім мен көркемдік талғамды қалыптастыруға,жалпы адамзаттық өнер құндылықтарын ажырата білуге,өнердің шын мағынасын түсініп, оны өмір қажеттілігіне жарата білуге бейімдеу аса қажеттілікті талап етеді.Бастауыш сынып оқушыларының өнерден алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері оқушылардың  саналық пен білімділікке жетелеген қозғаушы күш. Сондықтан бейнелеу өнері оқушылардың әлеуметтік дамуындағы бірден-бір негізгі белгі болып табылады.  Қазіргі жетілген қоғамымыздың жастары өзінің бүкіл адамгершілігі, ақыл-ой парасаты, мәдениеті жағынан бұған дейінгі қай кездегідей болса да еңсесі биік тұратын,жан- жақты тәрбие алып,жаңа сана, жаңа қасиеттермен шыңдала түскен рухани жан дүниесі мейлінше жетілген болуы тиіс.   Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әртүрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалана,оқушының сурет салудағы шығармашылық үрдіске енуін белсендіріп, әр түрлі тұрпатта орындау әдіс-тәсілдерін игеруде жаңа шешім қабылдауына көмектеседі.  Шығармашылық  деген балалық шақ кезінен басталады.

Таныс көріністер бейнеленген  шығармаларды  таныстыру  оқушыларды өнерге тартудың  ұтымды  жолы.
Тапсырмалар:

1. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінің мақсаты

2. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінің міндеттері

3.Шығармашылық жұмыстар түрі


9.2 тақырып. Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс – тәсілдері, сабақ жоспарын құру ерекшеліктері
Мақсаты: Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс – тәсілдерін меңгерту. Сабақ жоспарын құру ерекшеліктерін үйрету.
1. Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс – тәсілдері

2. Сабақ жоспарын құру ерекшеліктері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет