«Китаб ат-тухфат аз-закия фи луғат ат-түркия» («Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық»). Авторы белгісіз бұл шығарма М.Қашқари мен Абу Хайянның еңбегінен кейінгі маңызды мұра болып саналады. ХІҮ ғасырда Мысырда жазылған деген болжам бар. Бұл қолжазба қазіргі дәуірде Стамбул қаласының Баязит мешіті жанындағы м Валеддин әфенди кітапханасында N3092 шифрмен сақтаулы тұр.
Көлемі 180 бет. Еңбек сөздіктен және грамматика бөлімдерінен тұрады. Онда 3600 сөз берілген.
Бірінші бөлімде қыпшақ тілдерінің дыбыстық жүйесі, графикалық жазылуы туралы мәліметтер берілген.
Екінші бөлімде қыпшақ тілінң сөздігі берілген. Сөдік араб әліпбиінің тәртібі негізінде берілген. Кейбір араб сөздерінің қыпшақша нұсқасы келтірілген.
Үшінші бөлімде қыпшақ тілінң грамматикалық қағидалары берілген. Сөздік бөлім 29 бапқа, граматикалық бөлі 64 бапқа бөлінген. Қолжазбаның түп нұсқасын 1942 жылы Анкара университетінің оқытушысы, мадьяр Т.Х.Кун Венгрияда жариялады. Түрік ғалымы Бесім Аталай 1945 жылы жәдігерлікті түрік тіліне аударды. 1968 жылы профессор С.Муталибов өзбек тіліне аударып, баспадан шығарды. Аталмыш ескерткішті өзбек ғалымы Э.Фазылов зерттеді. 1972 жылы өзбек ғалымы М.Г.Зияева бұл жәдігерлікті тілдік тұрғыдан зерттеп, кандидаттық диссертация қорғады. Қазақ ғалымы Т.Арынов бұл ескерткішті арнайы зерттеп, оның лекскасының жалпы қыпшақтық бөлігін саралай қарастырып, 75-80 пайыз сөздің қазақ тілімен ұқсас екендігін анықтады. Жас ғалым Б. Сүйерқұл «Китаб ат-тухфаның» тіліндегі етістік категорияларды диахрондық тұрғыдан қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |