ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет67/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79
Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

1.Қарақалпақ әдеби тілінің негізін салушылар.

2. Қарақалпақ тілінің өзіне тән белгілер.

3. Қазақ пен қарақалпаққа ортақ ауыз әдебиеті үлгілері.

4. Қарақалпақ тілінің ғылыми тұрғыда зерттелуі.

5. Қарақалпақ тілінің бүгінгі саяси-әлеуметтік жағдайы.


Ноғай әдеби тілі
Ноғай тілі – Ресей Федерациясының Астрахан облысын, Дағыстан Республикасын, Қарашай-Черкес Республикасын, Ставрополь өлкесін, Түмен облысын, Шешен Республикасын мекендейтін Еуразияның байырғы халықтарының бірі – ноғайлардың ана тілі. ТМД елдерінде, атап айтқанда, Қазақстанда, Украинада (Қырым Автономиялық Республикасы) және РФ-дан өзге шетелдерде, мысалы, Румынияда (Добруджа, 30 мың адамға жуық), Болгарияда (5 мыңға жуық), сондай-ақ Түркияда (2 млн-ға жуық) өмір сүреді. Сондай-ақ ноғайлар Польша, Литва және Еуропаның бірқатар елдерінде де аз емес. Түркия мен Румынияда XVIII – XIX ғасырларда қоныс аударған ноғайлардың ұрпақтары өмір сүруде, олар, негізінен, қоршаған түркі тектес тұрғындардың, яғни түріктер мен румын татарларының этникалық ұқсастығын қабылдағанымен, өздерінің ноғайлық шығу тегін де ұмытпаған. Ноғайлардың ұрпақтары қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, татар, әсіресе башқұрттар мен қырым татарлары арасына сіңісіп кеткен.

2010 жылғы санақ бойынша, Ресейде ноғай тілінде сөйлеушілердің саны 88,3 мың адамды құрайды. Ноғайлар – Ресей Федерациясындағы байырғы түркі халықтарының бірі, негізінен, Солтүстік Кавказ бен Төменгі Поволжьені мекен етеді: Дағыстан Республикасында – 28294 адам, Шешенстанда – 6884, Қарашай-Черкесияда – 12993, Ставрополь өлкесінде – 15569, Астрахан облысында – 3958 адам. 2010 жылғы бүкілресейлік тұрғындар санағы бойынша, Ресейдегі ноғайлар саны – 103 660 адам, оның 29680-ы – қалалық, 73980-і – ауылдық тұрғындар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет