Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1.Ноғай әдеби тілінің негізін салушылар.
2. Ноғай тілінің негізі диелектілері.
3. Қазақ пен ноғай халқына ортақ әдебиет үлгілері.
4. Ноғай тілінің ғылыми тұрғыда зерттелуі.
5. Ноғай тілінің бүгінгі саяси-әлеуметтік ж
Қарайым тілі
Қарайымдар-қарайлар – ұлт атауы. Қарайым халқы қазір Литвада, Қырымда, Полъшада, Украинада Москва, Ленинградта өмір сүреді Қазір ТМД елдеріндегі карайымдардың жалпы саны – 3 341, алыс шетелдерде – 2 803 адам. Бүгінгі күні әдеби тілі жойылған. Қырым, Галис және Тракай диалектісі бар.
ХІҮ ғасырдың аяғында қараймдардың бір бөлігі Литов княздігінен, Қырымнан әкетіліп, Тракай поселкесіне және Литва шекарасына оларды қорғау үшін орнықтырылды. Қарайымдардың бір бөлігі Батыс Украина және Польшаға қоныстандырылды. Қырымның Россияға қосылуынан кейін қарайымдарды әр жерге көшіру одан әрі жүргізілді. Орыс мәдениетімен қарым-қатынасы басталды. Көбінесе қалада тұрады, мәдениеті мен тұрмысы жақын көрші халықтардан көп айырмашылығы жоқ. Ассимиляцияға ұшырауына байланысты қарайымдардың саны қысқара түсуде, фольклоры сақталған. Саны жағынан өте аз және бытыраңқы орналасқандықтан, өз ана тілін ұмыта бастаған. Қарайымдардың және оның тілінің біздің елде зерттеле бастауы үстіміздегі ғасырдың 30 жылдарынан басталады. 1964 жылы орыс тілінде жарық көрген «Қарайым тілі грамматикасы» атты еңбегінде К. Мұсаев бұл тілдің құрылысына жан-жақты тоқталған. Қыпшақ тайпасынан шыққан қарайымдар Хазар империясы кезінде, VIII-X ғасырларда, Қырымда тайпалық одақ ретінде өмір сүрген. VIII ғасырда қарайымдар йудаизмнің Қараизм тармағын құраған. Кейінірек қарайымдар үш негізгі топқа бөлініп кетеді. 1-топ Қырымда қалады. 2-топ Галицияға қарай қоныс аударады. Ол жер – қазіргі Украина аймағы. Ал үшінші ең үлкен топ XIV ғасырда қазіргі Литваның Тракай деген ауданына қарай көшеді. XVII ғасырдың аяқ шенінде шығыс орталық Европада 30-дан астам қарайым қауымдастығы болған. Бірақ одан кейін бір ғасыр өтер-өтпестен эпидемиялық аурулар, қантөгісті соғыстар кесірінен олардың саны күрт азаяды. Соған қарамастан, олар жасайтын елдерде қарайымдар діни қауымдастық мәртебесіне ие болып келген.
Литва Ұлттық зерттеу орталығының 1992 жылғы деректеріне қарағанда, Литвадағы қарайымдар байырғы тұрғындар ретінде шағын ұлт мәртебесіне ие. Юдаизмнің Қараизм сектасына жататын қарайымдар Библияны негізгі діни кітап ретінде санайды. XIX ғасырдан бастап зиялы қауым, алдын алмаса, қарайым әдеби тіліне қауып төнетінін ескертіп, қарайым тілінде кітаптар, газет-журналдар шығаруды қолға алады. Ол кезде жарық көрген сөздіктерде халық ауыз әдебиеті үлгілері – мақал-мәтел, жұмбақтар, өлеңдер көп қамтылғанымен, абстрактылы терминдер, ғылым, техника және философияға қатысты атаулар кездеспеген. XX ғасырға дейін Қарайым әдебиетінде Еврей тілі негізіндегі таңбалар пайдаланылған. Бірақ кейінірек қарайымдар қай елде өмір сүрсе солардың әліпбиін қолданған. Олардың Балтық бойында қоныстанған бір тобы 1990 - жылдан бері Литвандардың жазу жүйесіне көшкен. XVIII ғасырға дейін қарайымдар Қырымның негізінен ішкі, тау бөлігінде, басты Чуфут-Қале ( немесе Джуфт-Қале) бекінісінде өмір сүрді. Қырымнан Литваның және Украинаның аумағына қарайымдар XIV ғасырдың соңында – XV ғасырдың басында көшті. Тарихи деректер бойынша, 1397 жылы Литва князі Витаутас 383 қарайым отбасын Қырымнан (ескі Қырымның атыраптарынан) алып кетті, олар 1398 жылы Тракайды мекен етті. Галичке және Луцкке қарайымдар 1408-1411 жылдар аралығында көшті. Қарайымдардың Қырымнан Литваның басқа аудандарына көшуі ХV-ХVI ғасырлар бойы жалғасты. Мүмкін, бұл диалектердің пайда болуына негіз болды, бірақ қарайым тілінің батыс диалектісін жоққа шығару қиын, себебі олар бір жағынан осы тілдің көпшілік ерекшеліктерін, яғни алты ғасыр бұрын өмір сүрген қалпында сақтап қалды, ал басқа жағынан жаңа аймақтағы тілдердің әсерінен зардап шекті. Осы халықтың ресми, әлемге таралған атауы – «қарайымдар». Оның шығу тегі семиттік «қара» сөзінен шыққан, яғни «оқы» - деген сөзге й, м жұрнақтарының қосылуымен, осыған сәйкесінше есімше «оқитын» және көпше үлгісін білдіретін сөз («оқитындар», яғни Моисейдің жазылған заңын - ескі өсиетті мойындаушылар және оның ауызекі парықтауын – Талмудты тұтпаушылар). Бұл атау қарайымдардың наным сенімін білдіреді. Халықтың «Карай», «карайлар» атауы көне түркінің ірі тайпасы Керей, Керейіт(тер) мен байланыстары туралы ықтимал ойлар тудырады. Қарайымдардың этникалық тегі олардың ата-бабаларының қазіргі түркі халықтардың ата-бабаларымен күрделі байланысты қамтып көрсетеді. Қазіргі қарайымдардың көне ата-бабаларына біздің заманымыздың IV ғасырға дейін өмір сүрген Еуразияның ауқымды аймақтарын мекен еткен Сақтар сияқты тарихи тайпалардан тамыр алады.
Қарайымдардың Орта ғасырлық ата-бабаларына Поволожья мен Қара теңіз арасындағы Каспий далаларын, Дунай және Сырдария далаларын мекен еткен құмандар, половцтар, печенгтер, торклер сияқты қыпшақтық және барқарлық (қазіргі татарлаған үлгісі - «бұлғарлық») тайпалар жатады. Қарайымдық этнос тайпалық құрамы бойынша халқы біркелкі емес Хазар қағанатының аймағында пайда болды. Қағанатта қазіргі барқарлардың/ малқарлардың, қарашайлардың, қырым татарларының және басқа түркі тайпаларының, яғни чуваштардың, татарлардың, башқұрттардың, құмықтардың, қырымшаттардың, ноғайлардң, қазақтардың және т.б. ата – бабалары мекен етті. Қарайымдар антропологиялық тұрпаты бойынша балқарларға, қарашайларға, қырым татарларына, чуваштарға, башқұрттарға, ішінара құмықтар мен қазақтарға жақын.
Қарайым тілі қазіргі қырым татарлар, қарашайлар, балқарлар, құмықтармен ортақ түркі тілдерінің қыпшақ тобының қыпшақ-поплвец бұтағына жатады. Сонымен қатар XIII ғасырдың ескерткіші Кодекс Куманикус, орта ғасырда араб және армян жазуымен жазылған ескерткіштермен, қарайымдардан алыс орналасқан чуваш тілімен ортақ элементтердің болуы орта ғасырлық тарихи көздерін, сабақтастығын көрсетеді.Қарайымдар Аспан Құдайының – Тәңір, яғни көне түркі атауын сақтап қалған.
Қарайымдардың моңғол шапқыншылығына дейінгі кезеңде, ХІІІ ғасырдың басына дейін тілдік және этникалық үлгісі толық қалыптасқан. моңғолдыққа дейінгі кезеңге, яғни біздің заманымыздың XIII ғасырдың басына жатады.
Қарайым тілін көне еврей тілімен, яғни иврит тілімен араластыруға болмайды, себебі қарайымдар үшін иврит тілі діни табынушылық тіл болды.
Қарайым тілі түркі емес тілдермен қоршалған, әрине бұл да өз әсерін тигізеді. Қазір де қарайымдар көп шоғырланған жерде басқа ұлттармен аралас өмір сүруде. Сондықтан қарайым тілі өзінің көне келбетін сақтаумен қатар славяндық және литовтық тілдердің ықпалынна ұшырап отыр. Қарайым тілінде сөйлеушілер санының азаюы және қызмет ету салаларының тарылу үдерісі бұрын басталған болатын. XX ғасырға дейін бұл үдеріс баяу жүрді, ал XX бастап, әсіресі бірінші дүниежүзілік соғыстың басында күшейе түсті. Славян тілдерінің қоршауында қалуы қарайым-славян қостілділігінің пайда болуына алып келді. Қостілділік жаңа заманның ағымына тән құбылыс, әлеуеті мықты тілдің иесі қостілділікке мұқтаж емес, қостілді болуға әлеуеті төмен тілдің иесі мәжбүр болатыны айқын. Әлеуметік ғылымдар бойынша қостілділік, екітілді иеленушіде болып жатқан басқа мәдениетті қабылдау үдерісін көрсетеді. Қостілділік аталмыш халықтың мәдениетінде болып жатқан өзгерістерді көрсететін өлшегіш құрал болып табылады. Шамамен жүз жыл бұрын В.В. Радлов ірі қалаларды мекендеген қарайымдықтардың үй тұрмысының қолданысындағы тіл ретінде қалған татар тілімен тепе-тең орыс тілін меңгергендігін байқаған. Бірнеше уақыт бұрын қарайым тілін тұрмыста қолдануы бойынша қарайымдар да өзгешеленді: 1) тракайлық; 2) паневеждік; 3) галицтік; 4) қырымдық. Бұл қарайым топтарының қостілділігі тұрғылықты жеріндегі тілдермен сабақтастырылды. Осылайша, батыс қарайымдарда бірнеше ғасырлар бойы қостілділік келесі жолмен дамыды: алғашында қарайым-орыс, қарайым-поляк, қарайым-украин, қарайым-литов, қарайым-белорус сипатында болды. Қырым қарайымдарында қарайым-орыс қостілділігі дами келе орыс біртілділігіне ауысу үстінде. Қарайым тілінің өкілі ана тіілін ұмытып, орыс тілді жұртқа айналуда.
Қарайым тіліне славян тілінің элементтерінің әсерін кезеңге бөліп қарастыру өте күрделі арнайы қосымша зерттеулерді талап ететін мәселе. Кірме сөздердің шегін анықтау нақты бір қиындықтарды туғызады, себебі бұл шектер ауызекі сөйлеу сөзінің кеңеюуі мен тарылуына байланысты. Қарайымдардың жазбаша тілінде кірме сөздер аз, себебі авторлар кірме сөздерді аз қолдануға тырысты, яғни субъективті фактор жоғары болды. Кірме сөздердің енуі қарайым тілінде сөйлеушілердің жас мен әлеуметтік жағдайына байланысты болды (үй шаруасындағы әйел, ақын, қызметкелер, діндарлар және т.б.). XIX ғасырда қарайыМдармен сұхбат жүргізген К. Фой олардың ең қарапайым түсініктер мен ойларды жиі поляк, украин немесе белорус сөздерімен білдіргенін атап өтті. Қарайымдардың соңғы алты ғасырда славяндық ортада өмір сүруі тілге қатты әсер етті. Себебі қарайым тілі бір мезетте төрт славян тілдерінің әсерінің сынына түсті: шығыс славяндық — орыс, украин, белорус, және батыс славяндық - поляк, сондықтан әртүрлі славян тілдерінен кірген сөздермен бір түсінікті әртүрлі сөздермен білдіру сыйымды болып табылады, мысалы, тракай диалектісінде «кірпіш» түсінігі, түп тегі түркі тілінен шыққан орыс кірме сөзімен, сонымен қатар поляк сеgia сөзімен белгіленеді. Орыс тілінің бұрынғы КСРО халықтарының әдеби түркі тілдеріне әсерінен славян тілдерінің қарайым тіліне әсері әлде қайда ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер бір жағынан, қарайым тілінде тұрақтанған әдеби тілдің жоқтығынан, ал басқа жағынан әдеби түркі тілдер қызмет ету саласын және дербестігін сақтайды, қарайым тілінде бұндай құбылыс жоқ. Бүгінде Литвада University of Cologne и University аталған университеттің қолдауымен 11 жыл қатарынан жазғы мектеп қарайым тілін оқытуда, бұның өзі қарайым тіліне деген қамқорлық.. Швециядағы Uppsala университетінің Қарайым тілі бойынша маманы, профессор Ева Ксато Йохансеннің жетекшілігімен және Дэвид Натан, Карина Фиркавичиутелер 1994 жылы UNESCO-ның қолдауымен Қарайым тіліне арналған дыбыс және бейне жазбалар жасады. «Spoken Karaim» атты мультимедиялық оқу құралы дайындалды, онда цифрлы аудио жазбалар, 40 қарайым тілін білетін адамдардың видио клиптері жинақталған. Осының негізінде транскрицпия,сөздік, конкорданс және грамматикасы дайындалған. Сондай-ақ, Қарайым тілінің үйренушілеріне арналған компакт-диск те шығарылған. 1994 жылдан бастап Мәскеу қаласында ай сайын орыс тілінде «Караимские вести» атты газет шығып тұрады. Алты томдық «Караимской народной энциклопедии» атты кітап шыққан. 2002-жылы қыркүйекте Халич кентінде қарайымдар тарихы және мәдениетіне арналған халықаралық конференция өткізілді. Кейбіреулер сөйлеушісі аз қарайым сықылды тілдің болашағы жоқ, деп есептейді. Егер қолдау болса, сөйлеуші санына қарамай, қарайым тіл сақталып қала алады деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |