Оқу-әдістемелік кешеніні


Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы, сынып жетекші мен отбасының рөлі



бет38/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61
Байланысты:
Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі

2. Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы, сынып жетекші мен отбасының рөлі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы». Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа. Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.
Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.
1.Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекеттерімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
2. Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенінін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
3.Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтерге қарсы тұратын төмендегі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанымен, «қиын» балаларды беретін отбасылар.
Енді осы факторларды тарата айталық. Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың», десе ұлы Абай «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі - ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал атақты физиолог И.Павлов «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» деп тұжырымдайды.
Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты.
Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды»,- деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайрымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына» алады. Олар бұзақылар тобы, нашақорлар, жезөкшелер және тағы басқа әлеуметтік топтар болуы мүмкін.
Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез келген сұрансын мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді. Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінгі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді. Мұндай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай. Үшінші топқа жататан ата-аналар өз балаларының не істеп, немен айналысып жүргендерімен ісі жоқ, оны өзінің міндеті деп санамайтындар. Олардың балалары қараусыз қалғандай әсер береді. Бұл – ең қауіпті әрі сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігін беретін отбасылар.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етері даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек мына төмендегідей:
1. Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде анықтап, олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу.
2. Мектеп ұжымының осы мәселеде алаусыз болуы немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының дұрыс жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төмен екендігі.Тәрбиесі қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар ұйымдастырылуы.
3. Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі.
4. Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқышылардың тәртібін әлсіреді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді.
5. Кейбір мұғалімдердің педагогикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады.
6. Көшедегі кездейсоқ топтардың оқушының теріс мінезін қалыптастырудағы қосар үлесі де аз емес. Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың бөліп алып, сол жерлерде билік жүргізілетіні ешкімге де құпия емес.Олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. Себебі отбасында, мектептегі қағидалары мен адами құндылықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық мораль мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен тонаушылық «ерлік» істері. Ендеше қоғамға жат құмар ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысу олардың күнделікті қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан «көше» тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыскерлерге айналады. Енді осы девиантты мінезді оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне тоқтала кетелік.
Бұл қиын балалар өздерінің интеллектуалдық қабілеті жағынан өз қатарларынан қалмайды. Алайда, олардың жоғары психологиялық қасиеттері: зейін, абстрактілі ойлау, есте сақтау тағы басқа әртүрлі жаттығулар мен дағыдыларды дамытпағандықтан артта қалған. Соның салдарынан олар қисынды ойлай білмейді, өз ісінің ақырын болжай алмайды, сондай-ақ танымдық белсенділігі төмен, ғылым және саяси-қоғамдық мәселелер мүлдем қызықтырмайды, рухани мәдениеттің не екенінен тіпті бейхабар. Негізінен, олар қарапайым күнделікті өмірдің күйбеңінен аспайды, онда да тек даярға тап болып үйренген, салиқалы да пайдалы іс-әрекеттен гөрі уақытты босқа өткізгенді тәуір көреді.
Дегенмен, олар өздерінің алдына қойған мақсатын орындау үшін (темекі, ішімдік, есірткі зат, ұрлық жасау) әртүрлі тапқырлық көрсете алады. Сабақ оқу, уәдеде тұру, режимді сақтау, саналы тәртіпке бағыну сияқты оқушыға тән міндеттер мен парызды орындауға келген олардың ерік-жігері тым төмен, табандылығы жетіспейді.
Зерттеулер көрсеткендей, ер балалар мен қыздардың арасында едәуір психологиялық айырмашылықтар бар. Ер балалар қыздарға қарағанда белсенді, іс-әрекеті жылдам, ұрыс-керіс бейім. Қыздар өз көңіл күйіне көбірек берілген, айтқанды орындағыш әрі жанашыр болуға жақын тұрады. Сондықтан тәрбие беруде ер балалардың осы ерекшеліктерін есепке алу керек. Жасөспірім шағында олар «нағыз жігеттерге» ұқсағысы келеді. Дегенмен олар дөрекі, тек күшіне сенетін, төбелескіш болып келетіні жиі байқалады. Сол себепті де қыздарға қолданған тәрбие құралдары ер балаларға барлық кезде жарамды бола бермейді.
Девиантты бозбалаларды қайта тәрбиелеу кезінде олардың темпераментін ескермей кетуге болмайды. Мысалы, сангвиник өзіне қойылған талаптарды тез қабылдайды, бірақ дәл солай тез ұмытады. Холерик өзіне қойылған талапты өзін күлкіге айналдыру, мазақтау, кемсіту деп түсініп, оны дөрекі түрде қабылдамай тастайды. Меланхолик өзін ұнамдысын, өз көзқарасына тура келген жерін ғана қабылдап, басқасына көңіл де аудармайды. Флегматик бәрін әбден терең әрі жан-жақты ойланады. Осыған орай, тәрбие жұмысында темперамантінің ерекшеліктерін ескермейінше, педагогикалық шаралардың іске аспай қалуы әбден мүмкін.
Тағы бір ескеретін жайт, жасөспірімдердің жыныстық даму кезеңінде болатын дене құрлысындағы өзгерістер.
Егер жақсы бағытта дамыған өзгерістер баланың санасына дұрыс әсер етсе, онда ол психологиялық жағынан да дұрыс қалыптасады. Ал керісінше, оның дене құрылымында бойы қортық, артық салмақ, көзінің, тілінің не басқа да кемістіктері болса, онда оның дұрыс мінез қалыптасуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан да тәрбиеші мұндай балалармен ерекше ілтипатты болуы тиіс. Көтеріңкі көңіл күй, құрмет көрсету, сенім білдіру сияқты психикалық жағдайлар тұлғаға педагогикалық әсер етудің әсерлігін күшейтеді. Ал ашуланшақ, бойын қорқыныш билеген, өкпелегіш сияқты жағымсыз сәттер оқушының жақсы болып қалыптасуына үлкен бөгет. Сондықтан оқушыға педагогикалық әсер етер кезінде оның қандай психологиялық жағдайда екенін ескеру өте-мөте қажет-ақ. Әлеуметтік педагогтың тағы бір ескеретіні: ол оқушының өзін адами тұрғыдан тең ұстауы, оған сенім ұялата білуі керек. Егер әлеуметтік педагог өзінің айтқанын оқушылардан қалай да орындауын талап етсе, олардың адамгершілік қасиеттерін есепке алмай әрекет жасаса, олардың сый-құрметіне бөленбек түгілі балалардың енжар тартуына себепші болады. Девиантты мінезді оқушыға ата-анасының да, мектептің де жағымды әсер етуі арқылы оны дұрыс жолға салуға болмайтыны белгілі болса, онда ол баланы кешіктермей дәл уақытысында жабық түрдегі ерекше педагогикалық режимдегі арнайы тәрбие мекемесіне жіберу керек. Әрине, бұл соңғы шара, себебі қиын балалармен жұмыс жүйесін қалыптастыру қаншалықты ауыр болса да, мінез-құлқын түзету шараларын төмендегіше ұйымдастыру жөн деп санаймыз.
1. Тәртіп пен заңды бұзуға бейім тұратын, сабақ үлгерімі нашар оқушыларды сынып және мектеп бойынша анықтауОл үшін біріншіден, әр тоқсан сайын бір немесе екі пәннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет. Үлгермейтін оқушылардың барлығының тәртібі нашар болмас, алайда, қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пәндерден үлгермейтіні ақиқат. Екіншіден, сауалнама жүргізу арқылы қиын оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасын анықтап, оны жолға қою мәселесін шешу қажет. Зерттеулер көрсеткендй, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігі бір немесе бірнеше мұғалімдердің шиеленісті жағдайда болады,ондай қарым-қатынас олардың түзелуіне кері әсер етеді. Үшіншіден, қиын оқушылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықты іс-шаралар жүргізу. Олардың көпшілігі өз сыныбында – басбұзар, іріткі салушылар және өзі сияқты бұзақылардың жетекшісі болып келеді. Төртіншіден, ата-аналармен және достарымен әңгімелесу арқылы тәрбиесі қиын оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп-тұратынын, қандай топтарда, орталарда болатынын анықтау. Себебі дәл сол бейресми топтарда болу арқылы олар темекі шегу, арақ ішу, құмар ойындарын ойнауды әдетке айналдырады. Сонымен қатар, олар өзінен кішілерге әлімжеттік жасауын, жануарларды қаншалықты жәбірлейтінін анықтау да олардың мінез-құлқының бұзылығын көрсетеді.
Жоғары да көрсетілген төрт көрсеткіштің екеуінің бар болуының өзі-ақ оқушыны тәрбиесі қиын балалар қатарына қосуға жеткілікті.
2. Аталған тәрбиесі қиын балалардың тәртібі мен адамгершілік қасиеттерін дамытудағы ауытқушылықтардың себебін зерттеу және жеке басының психологиялық ерекшеліктерін зерделеу.
Қиын балалардың «қиындығы» неде екенін білу үшін оның себебін табу керк. Біріншіден, оның жүйкесі мен психикасында ауытқушылық бар-жоғын анықтап білу керек. Мамандардың пікірінше, олндай ауытқушылығы бар оқушылардың 10-15 пайызы жүйке немесе психикалық ауру жағдайына байланысты болады екен. Мұндай оқушыларды тәрбиелеуден бұрын емдеу керек. Екіншіден,сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап алу үшін ақпарат жинау. Ол үшін әңгімелер, бақылау сауалнама жүргізу, құжаттарды зерттеу әдістері қолданылады. Олардың бәріне дұрыс талдау жасау дегеніміз – қиын балаларды анықтауда қателікке бой ұрмау жағын қарастыру болып табылады. Девиантты мінезді оқушыны қайта тәрбиелеу кезеңінде төмендегі факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белгілі: отбасындағы жағдайы, досы кім, бос уақытында кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқуда неден қиналады, сынып ұжымымен және педагогтармен қарым-қатынасы қалай, оның өзінің тұлғалық ерекшеліктері. Осындый ерекшеліктерін есепке алу оған дұрыс диагноз қоюмен бірдей. Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем қабылдауына оң әсер ететіні белігілі жайт.
1. Девиантты балаларған педагогикалық әсер ету жолдары.
Ойланып жоспарланған түзету жұмыстары оқу-тәрбие жұмысында қиын балаларды қайта тәрбиелеу кезеңінде аса маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет