Оқу-әдістемелік кешеніні



бет34/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
Байланысты:
Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі

Бірінші кезең – уақытша ынталы топ құрылады. Ол алдағы жұмыстарды жоспарлайды.
Екінші кезең – басқарушы топ алдағы жұмыстардың бағыттарын белгілейді, қатысушылар өз ұсыныстарын береді, ұсыныстар талданады, ниетке алынған істердің жалпы бағдарламасы пайда болады.
Үшінші кезең – ойға алынған істердің орындалуына қажет дайындық жұмыстарының, құрал – жабдықтардың, материалдардың тізімі жасалады.
Төртінші кезең – тапсырмалар бөлістіріледі, тәрбиеленушілердің баршасын түгелдей қамтыған жеке – дара, топтық, ұжымдық іс – шаралар жүктеме ретінде тапсыр ылады.
Бесінші кезең – тәрбиеленушілердің бәрі өз борышына алған шығармашыл жұмыстарды дайындауға кіріседі.
Алтыншы кезең – дайындалған тәрбиелік шығармашыл іс өткізіледі.
Жетінші кезең – тәрбиелік іс – шара өткізілгеннен соң ынталы топ және ұжым мүшелерінің қатысуымен көзделген бағдарламаның орындалуына ұжымдық талдау беріледі, сапасы бағаланады.
Аталған жеті кезеңнің әрқайсысының орындайтын өзіне тән міндет, қызметі бар. Атап айтсақ, бірінші кезеңде - өзіндік басқару кешенін түзу тәжірибесі қалыптастырылады, тәрбиеленушілер өз тұлғалық қасиет – сапаларын бағалауға үйренеді; екінші кезеңде – топтық жоспар жасау қабілеттері дамиды; үшінші кезеңде – қызмет бабына, іскерлікке дағдыланады, табыс берер шарттарды көрегендікпен тануға баулынады; төртінші кезеңде - әлеуметтік тәжірибе қалыптасып, тұлғаның ұйымдастыру-шылық сапалары тұрақтанады; бесінші кезеңде – танымдық, ұйымдастыру, тақырыптық, ой – пікірлерін хаттау, іс – шараға сай безендіру әрекеттері нығайып, тәрбиеленушілердің өзара қатынастарынан іскерлік сапалары байи түседі; алтыншы кезеңде - әртүрлі ұжымдық, топтық, дара жұмыстарға араласа отырып, тәрбиеленуші өзінің тұлғалық деңгейін көтереді. Жетінші кезеңде - өз әрекеттені мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйренеді.
Тұлғаның ұжымда тәрбиелеу: ұжымдық іс-әрекетте және қарым-қатынаста тұлғалық өзін-өзі бекіту, өзін тұлға және даралық ретінде ашу. Оқушылар ұжымын қалыптастыру және дамыту бойынша сынып жетекшісінің іс-әрекеті- оқушыларды тәрбиелеуші және дамытушы орта және оның мүшелерін қалыптастыру мен өзін-өзі іс жүзінде көрсететін фактор. Оқушалрдың өзін-өзі басқаруы. Оқуышлардың өзін өзі басқаруын құру әдістемесі.Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет