Оқу-әдістемелік кешеніні



бет45/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61
Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Тәрбие технологияларының елімізде ең кең қолданып жүрген түрлерін түсіндіріп беріңіз. 2. Тәрбиелеудің технологиялық картасын есіңізге алып, өзіңізді қоршаған белгілі бір адамға әсер етіңіз (мысалы, үйді жинастыруды сұраңыз, кітап оқуды, өлең тыңдауды, қыдырып келуді, болған жағдай жайында айтып беруді, көмек көрсетуді...) және әсер етуіңіздің нәтижесіне баға беріңіз. 3. Адам өмірінде болған қандай да бір оқиға жайында айтып, ойша көз алдыңызға «педагогикалық объектілердің экранын» елестетіңіз. Бұл операцияның сізге берген кәсіби көмегіне баға беріңіз. 4. Н.Е.Щуркованың бойынша педагогикалық технология кестесін іс асыруға болатын мүмкіндіктерді тұжырымдаңыз. 5. Мамандыққа қызығушылық, кәсіби бағдар жұмысы жөніндегі жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру формаларын қарастырыңыз

Дәріс № 12


Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы
Мақсаты: Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмысының мазмұны жөнінде білім беру.
Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмысының мазмұны

  2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардағы сынып жетекшісінің міндеттері

  3. Ата-аналармен атқаратын жұмыстардағы сынып жетекшісінің қызметі.

Жанұя - өзара жауапкершілік пен өзара көмек беруге, ортақ тұрмыстық жағдайға, некеге немесе туысқандық байланыстарға негізделген кіші топ, онда жұбайлары, ата-аналары мен балалары, балалардың арасындағы өзара әрекеттесуді реттейтін нормалар мен ережелер жасалады. Жанұя жас ұрпақты әлеуметтендірудің маңызды институты. Бала дамуының қай жағын алсақ та, оның тиімділігі жанұяға тәуелді. Жанұя адамның дене және эмоционалдық дамуын қамтамасыз етеді, баланың психологиялық жынысының қалыптасуына әсер етеді, баланың ақыл-ойының дамуында ерекше орынға ие, сонымен қатар баланың оқуға көзқарасын қалыптастырады. Жанұя әлеуметтік нормаларды әсіресе жанұя рөлдерін орындауға қажет нормаларды меңгертуде елеулі орынға ие. Жанұяда әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынастардан көрінетін, адамның өмір сүру бағытын, мақсатын, жоспарын, іс-әрекет тәсілдерін анықтайтын негізгі құндылықты бағдарлары қалыптасады. Жанұя адамның әлеуметтік даму үрдісінде үлкен орын алады. Себебі жанұяның қолдауы, мақұлдауы, қабылдамауы адамның ортасына бейімделуіне көп әсерін тигізеді.
Жанұя тәрбиесі - баланы жан-жақты дамыту мақсатындағы ата-аналар мен жанұяның басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуі. Жанұя тәрбиесінің мазмұны, сипаты, нәтижесі тұлғалық ресурстарға байланысты. Тұлғалық ресурстар, бір жағынан, жанұя құрамымен (әкесі, шешесі, атасы, әжесі, ағасы және т.б.) анықталса, екінші жағынан, жанұядағы ересек адамдардың денсаулығының күйімен, білімділік деңгейімен, қызығушылықтарымен, құндылықты бағыттарымен, әлеуметтік мақсаттарымен де белгіленеді. Жанұя тәрбиесінің маңызды сипаты ретінде ондағы қарым-қатынас стилі танылған, яғни жанұядағы ересек адамдардың балалармен өзара әрекеттесу тәсілдері мен сипаты. Олар: авторитарлы (өктем), демократиялық, либералды стильдер болуы мүмкін.
«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген М Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды, өркениетті даму жолындағы қоғам алдымен балалы отбасына жан-жақты қамқорлық жасап оның мәртебелік орнын жоғарғы деңгейге көтеруге тырысады. Отбасы - адам баласы дүниеге келгенде есігін айқара ашып, өсіп өнетін, ер жететін үйі, тәрбие алатын аса қажетті, қасиетті алтын бесігі. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділікке негізделген отбасы мүшелірінің қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор. Алайда үлкендердің мінез-құлқы мен әрекеті сыйлауға тұратындай, жас өспірімдерге үлгі көрсететіндей болуы абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет