Оқу-әдістемелік кешеніні



бет42/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61
Әдістемелік нұсқаулар
Ұлттың интелектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы "дарындылық феномені". Дарындылық диагностикасы.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж
2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г
3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г
«Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары.ұлттың интелектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы «дарындылық» феномені. Дарындылықтың диагностикасы. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогикалық іс-әрекеттің қағидалары мен заңдылықтары.
Дәріс №10. Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті


Жоспар:

  1. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының маңызы

  2. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру.

  3. «Салауатты өмір салты» (тәрбие сағаты)

Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат – оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан-жақты қалыптасуын және күш-жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай оқушымен жеке жұмыстың мәні – оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.


Мұндай жұмыс барысында мұғалімдерден оған қатысты асқан сезімділікті, кішпейілділікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты, ықыластылықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:

  1. Бала жанын жақсы түсіну.

  2. Баланың таңдау еркіндігін қолдау.

  3. Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау.

  4. Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету.

Кез келген оқушының сыныпта ерекше қарым-қатынас жасайтын құбылысы болады. Ол оның пікірімен санасады, ой бөліседі және жүріс-тұрысы да бірге болады. Олай болса, мұғалім сол оқушыға ықпал ету арқылы, оларды өзіне ынтымақтастыққа тартады.
Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру. «Деннің саулығы» - адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» - адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бір сарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» - деннің саулығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы.
«Салауатты өмір сүру салтына» 3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындығы. Осы үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын айқындау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы керек. Ол өзінің педагогикалық әрекетін «АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК» заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады. Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Адам баласы ақиқат өмірдің заңдылықтары негізінде қалыптысып дамиды. Ендеше, сынып жетекшісінің бұл бьағытта ғы атқаратын қызметі – баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу.
Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағытта баланың өте күрделі, қиын-қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қаждет етеді: көп балалы және табысы аз отбасына, жетім балаға, босқын немесе оралман отбасына т.с.с. Салауатты өмір салты деп нені айтамыз?
Ол үшін “ салауаттылық ” пен “ өмір салты ” деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн. “ Салауаттылық ”, яғни “ деннің саулығы ”- Бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы.
Біздің көзқарасымызша, “ Салауатты өмір сүру салтына ” 3 идея негіз бола алады. Дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық әрекетін “ АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК” заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өһмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.
Жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға сәйкес, әрбір, адамның өзіндік бағдарламасы болуы мүмкін. Мысалы , “ Сила жизни” ( Варшаваға ,1988) атты кітаптың авторы Мартин Грей өмірінде көп қиыншылықты бастан кешті: фашистік концлагерде тұтқын болды, басқыншылық кезде ата-анасынан, соғыстан кейін өрт салдарынан әйелінен және төрт баласынан, айырылды. Ойлап қарағанда адамға, оған осыдан кейін, өмір сүру, болмаса жүрекке түскен ауыр жарадан айығып, көтерілуі мүмкін емес, секілді болып көрінеді. Дегенменде, ол кітап жазып, сол арқылы басқа адамдарға тірек болуға, өмірден өздерінің бағыттарын табуға көмектесуге тырысады.
Денеңізді күнге жеңіл қыздыру үшін, оның сәулесі мен шомылыңыз. Ол үшін, демалыс кезінде, 2-3 апта мөлшерінде күннің көзінде болуды әдетке айналдырыңыз: Күннің жарығын пайдаланып өсірген бақша өсімдіктері және жеміс жидектермен көптеп қоректеніңіз. Таза ауа мен демалу.
Таза ауа , ең алдымен, ол адамның организіміне- оттек береді, суық ауа – оның денесін шұынықтырады, соққан жылы әрі нәзік жел-қуаныш сезімін шашқандай болады. Сол үшін де таза ауада жиі болуға тырысу керек: серуен құру, жұмысқа жаяу бару немесе одан жаяу қайту, яғни тәулігіне 24 сағат таза ауада болуға немесе онымен демалуға тырысу қажет;
Таза суды пайдалану. Құрамында суы бар бақша өсімдіктерін, жеміс жидектерін және шырын сөлін пайдалануды ұмытпа! Бұлақ, күмістелген, магниттелген, тазаланған суларды ғана пйдалан. Оны 15-30 минут шамасындай уақытта ас ішер алдында , шөлдеген жағдайда және полиэтилен бутылкасын пайдаланған сусын, шырынмен, сонымен қатар сапасы төмен қызыл шараппен қосып ішкені дұрыс.
-Егерде М. Кимммелдің сөзіне сенсек “ дұрыс тамақтану- бұл ғылым және көркем өнер” . Ашу ыза қорқу, сенімсіздік, алаңдаушылық – тамақты қалыпты сіңірудің бірден бір жауы.
-Тамақ қабылдау барысында ұрсысу, дауыс көтеру, жүйкені шаршату, реніш білдіру, т.с.с. денсаулықтың ең қауіпті жауы.
Ашығу. П.С. Бергг бойынша ашығудың мақсаты – адамның барлық организімін толық сауығу жағдайына жеткізуді, оның барлық қызметін жандандыру, жаңартуды көздейді. Яғни ашығу –адамның ішкі жан тазалығына апарар жол. Сондықтан, ашығу әдістемесі мен технологиясы жайында жазылған кітаптарды әркім өзінің сауықтыру бағдарламаларын жасауда алып қолдануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет