Негізгі ұғым: педагогикалық технологиялар, тәрбие технологиясы, теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлер, жоспарлау, ойын, ұжымдық шығармашылық іс.
Әдістемелік нұсқаулар
Сынып жетекшісі – сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісі қызметінің негізгі бөлімдері. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж
2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г
3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г
«Педагогика технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері. Тәрбие технологияларының өзіндік белгілері. Тәрбие технологиясы туралы түсінік.
Дәріс № 5
Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау
1.Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері.
2.Тәрбие жұмыстарының болашақтағы жоспарын дайындау алгоритмі.
3.Тәрбие жұмыстары жоспарының мазмұны мен құрылымы.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері. Педагогикалық модельдеу қағидалары – сынып жетекшісі іс-әрекетінің негізі.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарын ғылыми негізде жасауының маныздылығы.Елімізде жүріп жатқан орта білім беру жүйесін реформалау ісі мектептегі тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттігін туғызып отыр. Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдай неғұрлым күрделене түскен сайын, соғұрлым мектеп оқушыларының да өсіп, жетілуінде толып жатқан кедергілер мен қиыншылықтар көбейе түсуде. Мұның өзі бір кездерде “адам тұлғасын және ұжымды қалыптастырудың бағдарламасын немесе “ертеңгі күннің перспективалары» деген ұлы педагог А,С.Макаренконың көтерген идеясын қаншама қажетсінгіміз келмегенімізбен, бүгінгі мектеп өміріне кеше де, бүгін де, ертең де пайдалану қажеттігін түсінетін мезгіл жеткенін көрсетеді. Сол себептен де әрбір мектептің кез-келген сыныбының жетекшісі арнайы жасалған нақты жоспарды басшылыққа алып жұмыс жүргізуі керек.
Жоспар не үшін қажет?
1. Тәрбиенің мақсатын, стратегиялық және тактикалық міндеттерін нақты белгілеу үшін қажет.
2. Сынып ұжымын, жекелеген оқушыларды, сыныптагы оқу-тәрбие процесінің жай-күйін; қоршаған ортадағы жағдайды қосымша зерттей білу үшін қажет.
3. Тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру формаларын, мазмұнын, құралдарын ойластырып таңдап алу үшін қажет.
4. Ұжымның және жеке тұлғаның дамуындағы кемшліліктерді түзетіп, жұмыс жүргізу жоспарын жасау үшін, өзіңнің қызметінің нәтижесін жобалау үшін қажет. онымен қатар, жоспар жалпыадамдық және педагогикалық тұрғыдан өзінді-өзің жетілдіруіңнің деңгейін біліп отыру үшін қажет.
сссссКөптеген сынып жетекшілерінде балалардың пихологиялық ситуациялардан туындаған айқын мақсаты мен тәрбиелік стратегиялық міндеттерін бағдарлау жобасы болмайды. Кейбір мұғалімдер қалыптасқан дәстүр бойынша жоғарыдан нұсқау тапсырманы немесе арнайы жіберілген іс-шараны күтіп отырады.
Соның салдарынан сыньш жетекшілерінің ынтасыздығы мен әрекетсіздігі пайда болады. Кейде жоспарлар көшіріле салады да мазмұны кездейсоқ жазылады. Жоспарланбай, кездейсоқ жүргізілген тәрбие жұмыстары балалардың да, мұғалімнің өзінің де қызығушылығын туғызбайды.
Сынып жетекшілеріне кеңес: біріншіден, балалардың да жас ерекшелігін ескере тырып, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбие жағдайын (қала не ауьш мүмкіндіктеріне сай, нақты аймақтан, мектептің өзіндік ерекшелігін, педагогикалық ұжым мен айналадағы оқу-тәрбие мекемелерінің) ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиешінің негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз. Мысалы, қала жағдайындағы мектепте мынадай мақсат қойылса: “Жоғары сынып оқушыларын үлкен мәдениетке тарта отырып, олардың рухани дамуын арттыру” (10—11 сыныптар). Қойылған мақсатқа орай стратегиялық міндеттер тобы айқындалады. Олар мынадай: оқушылардың интеллектуалдық танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру (оқуға, білімге, ғылымға, ақыл-ой иелеріне деген оң эмоционалдық қатынасын қалыптастыру, осы тақырыпқа сай әдебиеттер оқуға бағыт беру). Салауатты өмір салтын арттыру, өзін-өзі сауықтыру бағдарламасын жасау (ақыл-ой, жан, тән — үшеуінің бірлігінде). Оқушыларды мәдениетке қатыстыру (ғылымға, көркемөнердің әр түрлі салаларына, көркем және публицистикалық әдебиетке, музыкаға, бейнелеу өнеріне, архитектураға, тұрмыстағы дизайнға, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, мінез-құлық мәдениетіне, т.б.).
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау процесінде ұнатқан мамандығын анықтауға кәсіби бағдар беру.
Оқушылар ұжымын құру және дамыту, оқушылардың педагогтар басшылығымен сыныпты бірлесе басқаруын және өзін-өзі басқаруын жоғары деңгейге көтеру — оқушылардың өзіндік іс-әрекетін арттыру.
Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, таңдаған мәдени демалыстық іс-әрекеттер мен қарым-қатынастық мәдени дағдыларымен қаруландыру.
1. Бұдан басқа да міндеттер туындауы мүмкін. Мысалы, балаларды музыкаға тарту — қандай музыкаға? Театрға апару — қандай театрға? Міне, осыдан келіп біз, тактикалық міндеттерді анықтау қажеттігін түсінеміз. Осылайша тәрбие жоспарын жасауға кірісеміз.
Тәрбие жоспарын жасау сынып ұжымы мен балаларды зерттеуден басталуы керек (олардың түсінігі мен көзқарасы, қызығушылық аясы мен бейімділіктері, қажеттіліктері, даму деңгейлері, байланыстары мен қарым-қатынастары, т.б.), сонымен қатар олардың тәрбиесінің сипатымен де байланыстырыла жасалады. 2.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін мынадай бірізділікпен басқарса жұмыс нәтижелі болады:
• тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы;
• талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы;
• тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы;
• сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөлген жөн;
• тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі;
• тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы;
• оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
Достарыңызбен бөлісу: |