Оқу-әдістемелік кешеніні



бет26/61
Дата28.11.2022
өлшемі282,89 Kb.
#53332
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
Байланысты:
Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі

Әдістемелік нұсқаулар
Жоспар, жоспарлау ұғымдарына жалпы түсінік. Тәрбие жұмысын жоспарлау. Тәрбие жұмысының жоспарын құру. Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын талаптар. Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлау формалары. Сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізу және оның нәтижелерін бағалау. Тәрбие жұмысы жоспарының моделі. Тәрбие жұмысы жоспарының түрлері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж
2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г
3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г

Дәріс №6.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі
1.Сынып жетекшінің қызметі мен міндеттері.
2. Педагогикалық рефлексия-сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының қажетті компоненті.


1.Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшісінін міндеттері.
Сынып жетекшісі - сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, өткізумен айналысатын педагог. Ол сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы, тәрбиелік ықпалдарды бағыттаушы болып табылады.
Сынып жетекшісінің қызметтік мәртебесі болып сынып тәрбиешісі, сынып жетекшісі, сынып кураторы танылған. Сынып жетекшілікті сол сыныпта сабақ берумен сабақтастырған дұрыс. Жоғары сыныптарда кураторлық қызмет кең таралған. Сынып жетекші жұмысының мақсатын, мазмұнын, формасын мәртебесі белгілейді. Жұмыстың міндеттері, мазмұны мен формалары балалар мен ата-аналардың сұраныстары, қызығушылықтары, қажеттіліктері, сынып, мектеп, социумның жағдайларымен, педагогтың мүмкіншіліктерімен белгіленеді.
Педагогтың ролі баланың жасына, тәжірибесіне тәуелді: жұмысты ұйымдастырушыдан кеңес берушіге дейін өзгеруі мүмкін. Сынып жетекші оқушылардың түрлі іс-әрекетін (танымдық, еңбек, эстетикалық, қарым-қатынас) ұйымдастырады, ұжымды қалыптастырады, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен байланыс жасайды, ата-аналар мен мұғалімдердің қарым-қатынастарын реттейді.
Сынып жетекшісінің іс-әрекеті – мектептегі тәрбие үдерісінің нәтижелі шарттарының бірі.сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері. Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым. Тәрбие үдерісіне қатысушылардың өзара әрекеттестігінің негіздері. Оқушылармен жеке жүргізілетін жұмыстарының әдістемесі және тұлғалық – бағдарлық, тұлғалық – іс-әрекеттік, аксиологиялық тұрғылар. Тәрбие жұмысының әр алуан формаларын ұйымдастыру және жоспарлау.
Педагогикалық рефлексия – сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының қажетті компоненті. Педагогика ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылыуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды. Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда белгілері болып табылатындары:
— спартандық тәрбие жүйесі;
— афиндық тәрбие жүйесі;
— діни тәрбие жүйесі;
— джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);-
— адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі);
XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын өндіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б.).Ұлттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау, кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы (жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді нақтылай келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін пайдалануды жатқызады.
Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді болжайды:
— жүйенің қалыптасуы;
— ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;
— жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару
және жаңалықтарды ендіру;
Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы кызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында белгілі қиындықтар бар: тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды. Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін. Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:
1. Лицейді ұлттық мәдениет элементтерімен безендіру.
2. Тілдерді меңгеру.
3. Ұлттық мәдениетті мәдениеттану сипатындағы оқу пәндері арқылы меңгеру.
4. Ұлттық мәдениетті базистік оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.
5. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.
6. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекеті.
7. Ұлттьгқ мәдениетті меңгеруді мақсат еткен үйірмелер мен клубтардың жұмысы.
8. Ұлттық мәдениетті меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет (сынып сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.).
9. Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлері.
Мектеп өз түлектерінің мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді, ол дегеніміз — мектеп бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін өзі ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Мысалы,Н. Е. Щуркова келесі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:
а) тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;
б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен қабілеттерінің көрінуі мен баюы үшін жағдай жасау.
Сынып жетекшілерінің іс-әрекетіне жасалған әлеуметтік талдау нәтижесінде оның міндеттерін төрт топқа бөледі.
Бірінші топ — әлеуметтік міндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестік).
Екінші топ — диагностикалық міндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).
Үшінші топ — адамгершілік міндеттер (баланың бойында қайрымдылық критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).
Төртінші топ — даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).
Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міңдеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер:
1. Денсаулық пен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
З.Оқушыда адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру.
4. Баланың бойына біткен қабілетілігі мен мақсат-мүдделерін жаңаша дамыту.
Е.НСтепанованын ой туыншаа сыныптың тәрбиелік жүйесі-бұл сыныптағы әрбір мүшені тәрбиелеп және олардың өмір сүруші ұымдастыру тәссілі бұл біртұтас өзара әсерететін компонент, ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді -дейді. Осыған байланысты компоненттер туімі;
І.Жеке топтық компонент тәрбиелік жүйе құрамы балалармен ересектер тобы.
2 Құндылық-бағдарлы компонент (тәрбиенің мақсат міндеті бірлікте, сыныптың болашағы,тәрбие жүйесін құрудың қағидасы).
3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы турі, форма бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі басқару).
4.Уақытша-кеңістік компоненті (тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің қалыптасу кезені т.б.).
5.Диагностикалық-талдау компоненті (тәрбиелік орта,тәрбие жүйесінің тиімді өлшемі, ұжымды танып білудің әдіс тәсілдері, талдаудың формасы мен тәсілдері, алынған нәтижені бағалау).
Сынып жетекшісінің жұмысындағы ең қиын нәрсе сол оқушыларды адамгершілік жағынан қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет