Байланысты: Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі
3.Тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекше-ліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.
Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар:
- өткен жылғы жұмысты талдау;
- сыныпқа сипаттама беру;
- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айңындау;
Жоспардық түрлері өте көп, бірақ мұғалім өзіне қолайлысын таңдағаны жөн.
Соңғы кезде "сөзбен", "ауызша" тәрбиелеу сыналып, оқушыларды іс-жүзінде, іс-әрекет арқылы тәрбиелеу қажеттігі көп айтылып жүр. Осыған байланысты, мына бір жоспардық түрін ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бұл жоспарда нақтылы істер жо спарланады.
Тәрбие жұмысы жоспарының бірінші түрі:
1.Ұжымды ұйымдастыру
Тоқсандар Өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс
Ұжымның дәстүрлері
Ескертулер
I тоқсан ( 9 апта)
II тоқсан ( 9 апта)
III тоқсан ( 11 апта)
IY тоқсан ( 9 апта)
Тәрбие жоспарының екінші түрі:
I. Сынып оқушыларына мінездеме.
II. Тәрбиелік міндеттер.
1. Саяси мәдениетін қалыптастыру.
2. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
а) Ұлттық мінез-құлық пен әдеп-ғұрып негізінде тәрбиелеу;
ә) Халықтың салт-дәстүрге сүйеніп тәрбиелеу.
3. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру және қоғам арасындағы белсенділігін дамыту.
4. Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.
5. Еңбекке, халықтың іскерлікке баулу, үнем тәрбиесін беру.
6. Әсемдікке тәрбиелеу және көркемдік қабілетін дамыту.
7. Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.
8. Экологиялық және азаматтың жауапкершілікке тәрбиелеу. Соңғы кезде коммунарлық тәрбиелеу әдістемесі кеңінен тарауда. Оны өз тәжірибесінде пайдаланатын сынып жетекшілері айына бір ұжымдық шығармашылық іс жоспарлайды, тәрбие жұмыстары сол таңырыпқа байланысты болып келеді. Әр айда өткізілетін тәрбие жұмысы 4 бөлімнен тұруы мүмкін. Ұжымдық шығармашылық істер: Қыркүйек - еңбек пен білім айы. Қазан - сені қызықтыратын әлемге саяхат. Қараша - туған өлкемнің тарихы. Желтоқсан - менің Қазақстаным. Қаңтар - шығармашылық айлығы. Ақпан - спорт айлығы. Наурыз - мерекелі, берекелі ай. Сәуір - "нарық еліне саяхат" ойыны. Мамыр - мектеппен қоштасу айы.
I бөлім - ұжыммен жұмыс.
II бөлім - жеке-дара жұмыс.
III бөлім - белсенділер тобымен жұмыс.
IV бөлім - ата-аналармен жұмыс.
Әрбір бөлімге алуан түрлі жұмыс түрлері мен әдістері енгізіледі.
Тәрбие жұмысы жоспарының үшінші түрі:
Сынып жетекші жоспарының үлгі құрылымы:
• сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайлы жплпы мәліметтер.
• сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
• тәрбие міндеттері.
• сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс.
• ата-аналармен жұмыс.
• сынып жетекшінің жұмыс есебін жүргізуі.
• сынып жетекшінің есеп беруі.
Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар:
• жоспардық қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі;
• өмірмен тығыз байланыстылығы;
• жоспарға тәрбиенің барлық салаларынан жұмыстар енгізу;
• тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жасына, ұжымының ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы;
• жоспардық жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан);
• жоспардық нақтылығы.
Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.
Нег.ұғ: жоспарлау, болжау, ұжым, педагогикалық моделдеу, жоспар, құрылым, мазмұн, өзара әрекет.