Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары және оны құру жолдары.
Тәрбие жоспары үлгі бойынша толтыру жолдары.
Әдістемелік ұсыныстар: 1. Дөңгелек үстел. Көрнекі құралдарын, үлгі-сызбаларды қолдану арқылы студенттердің тәрбие жоспарын жасаудың жолдарын бірігіп талқылап, үйренуі. Кейбір диагностика әдістерін топта қолданып көру.
№4 семинар тақырыбы: Оқушылар ұжымын тәрбиелеу және оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.
Мақсаты: Студенттердің оқушылар ұжымындағы тәрбиелеу, оқушылардың өзін-өзі басқаруы және оны ұйымдастыру жолдары жөнінде білімдерін жетілдіру.
Негізгі сұрақтары: Ұжым тәрбиелеу ортасы ретінде. Ұжым және оқушы тұлғасы.
Ұжымның қалыптасу кезеңдері және өзін-өзі басқару.
Әдістемелік ұсыныстар: 1. Семинар – пікірталас. Студенттердің дәріске негізделіп және семинар сұрақтарын талдай отырып тақырыпты жан-жақты қамтуына жағдай жасау, бағыттау.
№5 семинар тақырыбы: Сынып жетекшінің практикалық және психологиялық жұмысы
Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің психологиялық қызметі, тәрбие шараларын ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Негізгі сұрақтары: Мектеп психологы және тәрбие жұмысы.
Оқушылармен, педагогикалық ұжыммен жұмыстағы психологиялық әдістер.