8.Студенттің оқытушы жетекшілігімен өз бетімен орындайтын жұмыстары үшін тапсырмалар
№1 семинар тақырыбы: Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының жүйесі.
Мақсаты: Тәрбие процесінің ерекшеліктерімен, қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының жүйесімен танысу.
Негізгі сұрақтары: Тәрбие процесінің мәні.
Жеке тұлға қалыптасуындағы қайта тәрбиелеудің мәні.
Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының ерекшеліктері.
Әдістемелік ұсыныстар: Тақырып бойынша әңгімелесуді ұйымдастыру. Студенттердің дәріске негізделіп және семинар сұрақтарын талдай отырып тақырыпты жан-жақты қамтуына жағдай жасау, бағыттау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.
№2 семинар тақырыбы: Сынып жетекші тәрбие жұмысының субъектісі ретінде.
Мақсаты: Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының субъектісі ретінде қарастыра отырып, оған тән кәсіби сапалар мен қызметтер туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі сұрақтары: Сынып жетекшінің тұлғасы және бойындағы сапалары.
Сынып жетекшінің қызметінің вариативтілігі.
Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық қызметі.
Ұйымдастырушылық қызметі.
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару қызметі.
Әдістемелік ұсыныстар:
Тақырып бойынша студенттердің семинар сұрақтарына баяндамалар жүйесін даярлап, оқуы. Сұрақтар қою арқылы пысықтау, талдау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.