Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет23/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Қауіп-қатерлі факторлар
-аллергиялық сенсибилизацияның болуы;
-отбасылық жəне жеке аллергологиялық анамнез;
-жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы инфекциялары;
-кəсіби.
 Ықпал ететін факторлар:
-мұрын жарақаттары;
-темекі тарту;
-бөлмедегі ауаның төмен сапасы;
-ауаның ластануы;
-климаттық факторлар;
-экологиялық факторлар;
-"өмір салты" факторлары; 
-жедел жəне созылмалы күйзеліс;
-дəрі-дəрмектерді, бояуларды, дезинфекция жəне дезинсекция т.б. бақылаусыз пайдалану[10].


Шағымдар мен анамнез:
1. Мұрынның бітелуі (обструкция) – толық, жартылай немесе мерзімдік, этиология мен режимге байланысты күннің түрлі уақыттарында.
2. Мұрыннан бөлінділер (ринорея) – көбінесе сулық немесе шырышты.
3. Мұрынның қышуы, күйдіру сезімі.
4. Түшкіру – жеңілдік алып келмейтін, ұстама тəрізді.
5. Қосымша шағымдар болуы мүмкін – бас ауыруы, əлсіздік, тітіркенгіштік, жас ағушылық (түшкіру себебінен), тамақтың ашуы, құрғақ жөтел, ауа жетіспеу сезімі жəне т.б.
6. Анамнезі бойынша аурудың уақытына, мезгілдігіне, тəуліктік кезеңіне, арнайы жəне арнайы емес (ыстық, суық, өткір иістер, қапырық жəне т.б.) ықпал етуші факторлардың байланысына, кəсіби зияндылықтарға, дəрі-дəрмектердің əсеріне (жергілікті жəне жүйелік) назар аудару қажет. Симптомдардың ұзақтығына, жиілігіне байланысты ауру форма, ағым, ауырлық жəне кезеңі бойынша жіктеледі.
Физикалық тексеру: Жалпы тексеру кезінде мұрын мен мұрын-еріндік үшбұрыш терісінің қызаруы мен тітіркенгіштігі (ринорея есебінен мұрын ұшын алақанмен сүрту), көз астындағы қара шеңберлер (веноздық іркілу мен ұйқы сапасының нашарлауы есебінен), толық немесе жартылай мұрындық тыныстың болмауы, дауыс тембрінің өзгеруі, «аденоидтық əлпет» (бала жастан жыл бойы риниттің дамуы кезінде – ашық ауыз бен дөңгелектенген əлпеттің ұйқылы түрі) өзіне назар аудартады.
Риноскопия кезінде мұрын қойнауларынан шырышты бөлінділермен, ісінген бозғылт-қызғыш немесе іркілу түсі көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет