Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43


Ем тиімділігінің индикаторлары



бет25/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Ем тиімділігінің индикаторлары
Ауру симптомдарының айтарлықтай төмендеуі мен жоғалуы, мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру (əсіресе түнгі), өмір сапасының жақсаруы, жұмысқа қабілеттіліктің толық қалпына келуі, ауру рецидивтерінің болмауы, асқынулардың болмауы (бронх демікпесі, синуситтер, көз бен орта құлақ ішінде аллергиялық зақымданулар, мұрын полипозы жəне т.б.).
Алдын-алу шаралары

  • тұрғындар мен медициналық қызметкерлер арасында аллергиялық ринит туралы білімді насихаттау

  • аллергенге аса сезімталдылықты ерте анықтау

  • отбасылық жəне жеке аллергологиялық анамнез болған жағдайда абайлау

  • жоғары тыныс жолдарының созылмалы ауруларын анықтау жəне емдеу 

  • үй жануарларынан бас тарту

  • темекіден бас тарту

  • салауатты өмір салты

  • динамикада аллергологтың бақылауы

  • аллергиялық мектепте науқасты оқыту

  • ықпал ететін факторлармен жанасуды жою (тұрмыстық химия, косметика, антибиотиктер, шаң жəне с.с)

  • созылмалы инфекция ошақтарын емдеу

  • арнайы өткізгіштер немесе бет перделер кию

  • тазарту жүйесін/ауаны ылғалдандыру жəне электрондық сүзгіштерді пайдалану

  • санаторлық-курорттық ем [20].



БРОНХ ДЕМІКПЕСІ
Анықтамасы: «Бронх демікпесі» ауруының атауы грек сөзінен шыққан asthma-ауыр тыныс. Бронх демікпесі – тыныс жолдарының созылмалы ауруы, негізгі патогенетикалық механизмі қабынумен, бронхоспазм нәтижесінде тұншығу ұстамасы көріністерімен (экспираторлы түрде басымдырақ), бронх шырышты қабатының ісінуімен гиперсекрециясымен жүретін бронхтың гиперсезімталдылығы болып табылады. Тұншығу ұстамасы, кеудесінде толып тұрғандай сезім, дистанционды ысқырықты сырылдар, көбінесе түнгі уақытта немесе таңертеңгі уақытта, жартылай немесе толығымен бронх обструкциясымен жүреді[1].
Жіктелуі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет