Оқу жылы Астана қаласы Тапсырма “


Тапсырма-8.«Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары»



бет3/4
Дата14.03.2023
өлшемі25,98 Kb.
#74005
1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ тапсырмасы

Тапсырма-8.«Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары»


Қазіргі 21-ші ғасыр ғылым мен технологияның дамып,өркендеп жатқан кезеңі. Қазіргі күндегі Қазақстанның дербестікке жетуі халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. Елімізде соңғы жылы жастарға көбірек назар аударылып,жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді.Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды. Бұл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі. Жасыратыны жоқ, жастардың дүние танымы әрқалай. 
Қазіргі заман жастары, Тәуелсіз мемлекетте, өркениет кезеңінде өмір сүріп жатқандығы аян.Соған сай, жастардың этикалық, эстетикалық санасы жоғары деп көрсетуге болады әрине, бәрі бірдей саналы немесе санасыз деп көпке топырақ шаша алмаймыз.Білім деңгейі жағынан қазіргі жастардың мүддесі аса жоғары. Жалпы алғанда этика дегеніміз- қарапайым адамзаттық құбылыс,мінез-құлық ұғымдарының жиынтығы. Қазіргі заман жастарының басым көпшілігі рухани байлығы жағынан көрсем, білсем деген ұмтылысы зор. Талабы мен шығармашылық қабілеті, технологияны игеруі жақсы дамыған, ұмтылысы жоғары жалпы алғанда туған жер, отан, отбасы сыңды баға жетпес рухани құндылықты сүюге жетелейтін төте жол деуге болады. Қазіргі жастарды тарихи жетістіктердің мирасқоры және халық бірлігін құраушы ретінде сендіру маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарастырғанда рухани бай, кеудесі алтын сандық жастардың дүниеге деген көзқарасы кең әрі қырақты келеді. Қазіргі жастардың ертеңгі ел болашағының тізгін иесі, ел ертеңі екендігі ескеретін болсақ, олардың этикалық құндылықтарды бойына сіңіруіне баса ден қою қажет. Дүниеге танымы зор жастардың кемел келешекке ұмтылысы,білім, ғылымға деген құштарлығы биік болуы керек.Ұлы белестер мен мақсаттарды бағындыруда жастардың бойындағы асыл қасиеттердің болуы басты қаруымыз. Қазірге кезде еліміздің сенімі,маңызды адами ресурсы-болашақ жастар.
Қорыта айтқанда, Ел-болашағы жастардың қолында.Қай заманда болсын, өз ұлтының тарихы мен ұлттық құндылығын, қасиеті мен мәдениетін, ұлттық этикасын, елдің ұлттық менталитетін сақтап, сіңіріп өскен білімді ұрпағы ғана сақтай алатындығын мәңгі есте сақтауымыз қажет.Бүгінгі жастар-ертеңгі ел болашағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет