Оқу жылы Астана қаласы Тапсырма “



бет1/4
Дата14.03.2023
өлшемі25,98 Kb.
#74005
  1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ тапсырмасы


Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

БӨЖ Тапсырмасы

Топ:Смс 21-10
Орындаған:Кайпназар Аружан
Тексерген :Жанабаев Жылбек


2022-2023 Оқу жылы
Астана қаласы
Тапсырма-6.“Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы”туралы эссе-негіздеме.
Қоршаған ортаны танып-білу туралы іргелі сұрақтың жауабына, зерттелетін объектінің маңызды сипаттамаларын субъектінің барабар түрде көбейтуіне байланысты танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм ұстанымдары ерекшеленеді. Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар, олар - "оптимизм", "скептицизм", "агностицизм”.Алдымен осы терминдерге тоқталып,түсіндіре кетсем.
Гносеологиялық оптимизм кез келген жағдайда біз материалдық жүйелер әлемін білеміз, әлем тек сезілетін қасиеттер мен қатынастар туралы біліммен шектелмейді деген ұстаныммен сипатталады.Агностицизм - объективті әлемді, ақиқат объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілімі. Бұл ұғымды XIX діни сайыстарда ғылыми көзқарастар айқындаушы ретінде 1869 жылы Т.Гексиль енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептизм, Зенонның апориялары. ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады.
Келесі скептицизм. Бұл агностицизмге жақынырақ тұжырым деп айтуға болады. Бірақ скептицизм агностицизмге қарағанда дүниенің танылуын жоққа шығармайды, тек оның дәйектілігіне күмән келтіреді. Басқаша айтқанда, бұл бағыт шындық туралы абсолютті сенімді және шынайы білімге қол жеткізуге күмән келтіреді.Жалпы алғанда скептицизм саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және тағы да басқа догмаларды бұзуға бағытталған,ол философиялық ілім болып табылады.Дегенмен,философиялық скептицизм ештеңені тұжырымдамайды, бірақ сонымен бірге ештеңені де жоққа шығара алмайды.Менің ойымша, скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы өте зор. Негізі скептицизм қандай салада болмасын елеулі рөл атқарады деген ойдамын, себебі скептикалық ойлау плюрализмге жетелейді. Ал плюрализмнің болуы қоғам үшін өте маңызды. Бүгінгі күні интернеттің дамуымен қатар дезинформацияның таралуы да көбейіп кетті. Адамдар кез-келген сөздерге сеніп, өздерін өздері шектеп отыр. Бұл сыни ойлаудың жоқтығынан деп сенемін. Шынында да скептицизм өте жақсы гносеологиялық стратегия болып табылады. Бұл ұстаным сені әлемді танудан шектемейді, алайда, бар көріп-білгеніңе сенуге болмайтындығына үйретеді. Философтар «Біз бір нәрсені тәтті деп білсек те, ол шын мәнінде тәтті ме – оны айта алмаймыз» деп скептицизмді түсіндірген. Яғни, әр нәрсе -субъективті. Басқа біреуге бір түрде көрінген немесе білінген зат, бізге де тура солай болады деу қате болып саналады. Сонда, біз ол заттың шын мәнінде қандай екендігін біле алмаймыз, себебі ол – әркімге әртүрлі болады.
Қорыта айтатын болсам, скептицизм гносеологияның бір тармағы ретінде маңызды рөл атқаратын құрал болып табылады. Тіпті Гегель скептицизмді қабылдаған болатын. Оның пікірінше,басқа философия салалары шындықты талап етеді немесе таным мүмкіндігін жоққа шығарады, ал скептиктер әрдайым оны іздеу үстінде болады.Мына сөзіне назар аударсақ: "Кез келген нақты материалда теріс немесе қарама-қайшылықтың осы анықтамаларын білу үшін және белгілі бір мағынада оның шекарасын табу үшін ерекше абстракцияның таңғажайып күші қажет болады"деген.Демек, белгілі затты сынға алып, оның қарама-қайшылықтарын, терістігін немесе дұрыстыңын білу үшін күш керек. Ал ол күш сыни, абстракциялы ойлауда жатыр. Ежелгі скептицизм үшін Гегель "шынайы, терең мінезді" атап өтті және оның субъективті идеализм емес екендігін көрсетті. Сонымен, скептицизмді әлемді тануда, түсінуде және қабылдауда орны алмастырылмайтын философиялық бағыт деп атасам қателеспеспін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет