Оқу жылы Қоректік заттардың қорытылуына жауап беретін органоид: лизасома


) Альтернативтік сплайсинг, генетикалық маңызы



бет237/273
Дата26.05.2022
өлшемі6,73 Mb.
#35704
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   273
Байланысты:
цитт барлық база

19) Альтернативтік сплайсинг, генетикалық маңызы. Ядролық а-РНҚ процессингінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-гетерогендік ядролық РНҚ молекуласының біреуінен процессинг нәтижесінде, құрылымы мен қызметі әр түрлі бірнеше, жетілген, функциональды активті а-РНҚ молекулаларын түзуі мүмкін.Бұл құбылыс альтернативтік сплайсинг деп аталады. Оның мәні: интрондары қырқылып түскеннен кейінгі а-РНҚ-ғы қалған экзондар бір-бірімен түрлі үйлесімдермен, түрліше ретпен жалғануы мүмкін; пре-а-РНҚ-дағы нуклеотидтер жүйесі бір жағдайда интронды құраса, екінші жағдайда экзон болуы мүмкін:Көптеген ізашар аРНҚ гендерінің құрамында ондаған, одан да көп экзондар болады. Экзондардың көп болуы алуан түрлі жетілген а-РНҚ-ның түзілуіне мүмкіндік береді.Альтернативтік сплайсинг барлық жасушаларда байқалатын құбылыс. Бұл құбылыстың нәтижесінде түрлі мүшелер мен ұлпаларда онтогенездің түрлі кезеңдерінде арнайы қызмет атқаратын алуан түрлі ақуыздың синтезделуін қамтамасыз етеді. Альтернативтік сплайсинг құбылысы арнайы белоктардың активтілігіне негізделген. Бұл белоктар пре-а-РНҚ молекуласындағы интрондары бар учаскелерімен немесе экзон-интрон шекараларымен байланысып бір интрондардың қырқылуын тежеп, екінші бір интрондардың алып тасталуына жағдай туғызады. Альтернативтік сплайсингтің мысалы ретінде дрозофиланың Broad-Complex генін алайық. Бұл ген дәрнәсілдің ересек шыбынға айналуын қамтамасыз етеді. Шыбынның түрленіп дамуы осы геннің анықтауымен түзілетін экдизон гормонымен бақыланады. Геннің ұзындығы 120 мың жұп нуклеотидке шамалас. Бұл гендегі 10 экзонның түрлі үйлесімдер құрып орналасуына байланысты 15 түрлі а-РНҚ синтезделеді. А-РНҚ-лардың әрқайсысы нақты жасушалар тобында транскрипцияланады, және осы экзондардың саны мен үйлесім түрлері әр жасуша типінде түрліше болып ауытқиды.Эукариоттар генінің экзон-интрондық құрылымы альтернативтік сплайсингтың болуын ғана емес, сонымен қатар интрондардан ерекше кіші ядролық РНҚ-лардың түзілуін қамтамасыз етеді. Мұндай кіші ядролық РНҚ-лар рибосомалардың түзілуіне қатынасады.

  • Сонымен қатар ферменттер тәрізді әрекет жасайтын РНҚ-лар да болады. Оларды рибозимдер деп атайды. Рибозимдер кірпікшелі қарапайымдылар-Tetrahymena-ға жүргізілген тәжірибелер барысында ашылған (Th.Cech,1982). Рибозимдер тек басқа РНҚ молекулаларына әсер етіп, про-а-РНҚ процессингін қамтамасыз етеді.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   273




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет