25. Қатерлі ісіктер, даму сатылары, қасиеттері. Ісіктер жасушалардың бақыланусыз бөлінуімен сипатталатын, гендік аурулардың ерекше тобы болып табылады. Ағзада таралу қабілетіне қарай оларды екі топқа бөледі: қатерсіз және қатерлі. Қатерсіз ісік (фиброма, липома, миома, ангиома, невринома, хондрома, остеома, папиллома, аденома, базалиома және т.б.) өсуі баяу және өз ұлпасының аймағынан шықпайды, көрші ұлпаларға енбейді, инвазивті өспейді және метастаз бермейді.Қатерлі ісік дегеніміз (фибросаркома, липосаркома, лейомиосаркома, аденокарцинома, тегіс жасушалы рак, хорионкарцинома және т.б.) белгілі ұлпарға еніп өсуге қабілетті және екіншілік ісіктердің (метастазға) пайда болуына алып келетін, ағзаның басқа бөліктеріне орын ауыстыру қабілетеріне ие.
Рак жасушаларының қасиеттері:
1) Кез-келген рак шексіз өсуге қабілетті.
2) Автономдылығы –ісіктер көрші ұлпаларға тәуелсіз болады.
3) Ісік жасушаларының тіршілігін жоймауы
4) Қатерлі ісіктің моноклоналдығы. Қатерлі ісік генетикалық өзгерген бір жасушадан дамиды. Оның ұрпақтары осы өзгерген бір жасушалардың көшірмесі (клондары) болып табылады.
Канцерогенез сатылары1. Инициация. ісіктің инициациясында протоонкогендердің зақымдалуы маңызды. Бұл зақымдалу сомалық жасушаның трансформацияланып, ісікке айналуында маңызды болып табылады. Ісіктің инициациясына, сонымен қатар антионкогендердің зақымдалулары да алып келуі мүмкін.
2. Ісіктің промоциясы – бұл ісікке алып келетін фактормен зағымдалған жасушаның бөлінуі. Бұл үрдіс жылдар бойы созылуы мүмкін.
3. Ісіктің прогрессиясы — бұл қатерлі ракке алып келетін өзгерген жасушалардың қарқынды бөлінуі, инвазивті өсуі және метастаз беруі.
26. Генетиканың заманауи онкологиядағы маңызы. рак қарт және егде адамдарда дамиды. Себебі гендерде кездейсоқ пайда болған мутациялар, көп жылдар бойы жинақтап, қажетті деңгейге жеткенде рак ауыруына алып келеді.Ағзаның иммундық жүйесінің жас өткен сайын әлсіреуі нәтижесінде өзгерген жасушалар тірі қалып, рактың пайда болуына себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |