Жауабы: Түйіршікті эндоплазмалық тор
306. Жасуша ядросында митоз кезінде жойылып және митоздан кейін қайтадан пайда болатын тұрақты емес құрылымдар бар. Бұл қандай құрылымдар? Жауабы: Ядрошық
307. Әртүрлі ұлпаларда әртүрлі ақуыздардан құралған, бірақ барлық жасушаларда бірдей 8-10 нм қалыңдықта болады және жасушада тірек қызметін атқаратын жасуша құрылымы.
Жауабы: аралық филаменттер
308. Ақуыздармен және липидтермен байланысқан олигосахаридтерден тұратын жануарлар жасушасының мембраналық құрылымын атаңыз.
Жауабы: гликокалликс
309. Екі глобулярлы актин ақуызының ширатылуы нәтижесінде түзілетін, эндомитозда, жасушаның формасының өзгеруіне қызметтеріне қатысатын жасушалық құрылым
Жауабы:микрофиламенттер
310. Ұрпақтан ұрпаққа ағзадағы протеин алмасуын реттеу арқылы тұқым қуалау қасиеттерін беріп отыратын,жасушаның негізгі бөлігі:
Жауабы: Ядро
311. Жануарлар жасушаларында пламалемма функцияларының бір бөлігі болып табылатын, сыртқы ортамен байланысты, сондай-ақ ұқсас жасушалардың өзара бірін-бірі тану қызметтеріне қамтамасыз ететін құрылым. Мысалы, жұмыртқа жасушасымен сперматозоид бір-бірін таниды. Плазмалемманың қандай құрылымымен осы үрдіс жүзеге асырылады?
Достарыңызбен бөлісу: |