29. Тұқымқуалайтын аурулардың дәрілік заттарға атиптік (кері) реакциялары. Тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдардың дәрілік заттарға реакциясы биохимиялық ақаулардың бұрмалану салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта әртүрлі тұқым қуалайтын аурулар кезінде дәрі-дәрмектергее аномальды реакциялардың көптеген мысалдарын көрсетуге болады. Бауыр порфириясы кезінде барбитураттар, ноксирон, мепротан, амидопирин, антипирин, сульфаниламид және құрсуға қарсы препараттар, синтетикалық эстрогендер және т.б. қабылдау ауыруды одан бетер қоздырады . Подагра пурин алмасуының бұзылуынан пайдаболатын тұқым қуалайтын ауру. Ауру этанол, диуретикалық дәрі-дәрмектерді, кейбір салицилаттарды қабылдағанда қозады. Егер подаграмен ауратын науқаста гипоксантин-фосфорибозилтрансфераза тапшылығы байқалатын болса онда науқасты меркаптопуринмен , азатиопринмен емдеу тиімсіз болады.
.Бүгінгі күні дәрілік заттарға жауап реакцияларының патофизиологиялық және генетикалық механизмдері анықталған. Сонымен қатар, жаңа дәрі-дәрмектің неғұрлым мамандандырылған болуы, пациенттердің белгілі бір санында тиімді болмауы ықтимал, себебі фармакогенетикалық реакциялар қазіргі уақытта қолданылатын фармакологиялық агенттердің пайда болуына дейін дамыған адам популяцияларында кең генетикалық полиморфизм негізінде дамиды.