Аталған орта факторларының қайсысы тератогенді? АЛКОГОЛЬ
Мальформация (malformation)-құрсақтағы дамудың бұзылуына байланысты мүшелерде морфологиялық ақаулықтардың пайда болуы. Оған мысал – тұқым қуалайтын синдромдар, полидактилия, қоян ерін, қасқыр таңдай. Төменде көрсетілген даму ақауларының сызбаларынан мальформацияға тән сызбаны анықтаңыз 2
Дизрупция немесе деструкция (disruption)- сыртқы ортаның, мысалы тератогендік факторлар әсерінен мүшенің дамуындағы морфологиялық өзгерістер. Мысалы- амниотикалық тартылыстар. Төменде көрсетілген даму ақауларының сызбаларынан дизрупцияға тән сызбаны анықтаңыз 3
Деформация (deformation) – ана ағзасына сыртқы ортаның механикалық әсерінен мүшелердің пішінінің морфологиялық өзгеруіне, орнынан ауытқуына алып келеді, оған амнион сұйықтығының аз болуы, миома мысал бола алады. Мысалы – жүктіліктің көп ұрықтылық кезінде ұрықтың аяқ-қолдары қысылып деформацияланады, жатырдың фиброзынан ұрықтың басының қысылып қалуы. Механикалық әсерден мүшелердің деформациялануы байқалады, оған мысал маймақтық. Көп жағдайда туылғаннан кейін маймақтық жойылып кетеді. Төменде көрсетілген даму ақауларының сызбаларынан деформацияға тән сызбаны анықтаңыз 4
Дисплазия (displasia)- ұлпаларды түзетін жасушалар құрылымының бұзылуы мүшелердің морфологиялық өзгерістеріне алып келеді. Қан жасушаларының дифференцациясынан дәнекер ұлпаларының бұзылуларының пайда болуы дисплазияға мысал бола алады. Бұл патологиялардың көбі моногенді тұқым қуалайды. Төменде көрсетілген даму ақауларының сызбаларынан дисплазияға тән сызбаны анықтаңыз 5
Дрозофиладағы оогенезде пісіп жетіліп жатқан жұмыртқа жасушасына ақуыздардың жинақталуы мен м-РНК градиентінің таралуын кодтайтын гендер –ол АНАЛЫҚ ЭФФЕКТІСІ БАР ГЕНДЕР нанос және бикойд