Оқу жылына арналған арнайы мекемедегі тәрбие іс-шара жоспары



Дата29.09.2023
өлшемі18,62 Kb.
#111449
Байланысты:
жылдык жоспар (1).docx Салық Балауса (2)


2023-2024 оқу жылына арналған
арнайы мекемедегі тәрбие іс-шара жоспары





Іс- шара атауы



Орындау мерзімі



Мақсаты



Жауапты тұлғалар

1.

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық"
тақырыбында тәрбие сағаты



01.09.2023

Балаларды білім күнімен құттықтай отыра, түсіндірме сабақтарын жүргізу. Балалардың білім алуына бас назар аудару.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2.

Жоба бойынша жұмыс
«Мектеп жарғысы, оқушының мінез – құлық ережелері»
сынып сағаты



15. 09.2023- 30.09.2023

Арнайы мекемедегі балалардың тәрбиесі бойынша сауалнама жүргізу және балаларды тәртіпке шақыру. Білім ордасында бірінші кезекте тәрбиенің бірінші орында екенін ұғындыру.

Сынып жетекшілері

3.

«Оқуға құштар мектеп»

«Отбасылық оқуға арналған кітаптарға шолу» бейне шолу.





Қараша мен желтоқсан айында

Тікелей кітапханамен байланыс болады. Яғни, кітапханадағы түрлі кітаптармен танысу талдау, топтық жұмыстарын ұйымдастыру. Таныстырылым барысын бейне роликтер арқылы көрсету, баланы қызықтыру

Мектеп ұжымы сынып жетекшілер және кітапханашы

4.

«Қамқоршылық» кеңесінің отырысы

25.12.202330.12.2023

Бұл отырыс тікелей ата-ана қатысуымен болады. Бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Бала үшін әрдайым бірінші орында ата-ананың қолдауы керек екенін түсіндіру. Ата-ана тарапынан қамқорлық керектігін айту және осы тұста түрлі сауалнама жүргізіп қызықты ойындар ойнау арқылы коммуникацияны дамыту.

Мектеп орынбасарларысынып жетекшілер және ата-аналар

5.

Сурет ән байқауы. 
«Менің сүйікті әлемім» 

Наурыз- сәуір айлары

Сурет салу, ән айту, жапсырма жұмыстарын істеу арқылы баладағы танымдық қабілетін ояту. Баланың логикасын дамыту. Ашылмаған өнерін ашуға көмектесу. Жан-жақты оқуға баулу

Сынып белсенділері

6.

«Ғарыш әлеміне саяхат» атты қойылым

15. 04. 2024 -
30. 04.2024

Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында жүргізіледі.

Сынып жетекшілері

7

«Жұлдыз-ай» фестивалі

Жыл соңында

Ерекше білімді қажет ететін балалардың ойлау қабілетін кеңейту, баланың өнерін дамыту, танымдық әрекеттерін бақылау

Мектеп ұжымы

Орындаған: Салық Балауса


220 – топ арнайы педагогика

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет