18.
Батыс Түрік қағанаты ("он жебе" халқы): қалыптасуы, территориясы,
этникалық құрамы. Саяси тарих.
19.
Түргеш мемлекетінің құрылуы мен күшеюі. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы
араб-қытай қақтығысы.
20.
Қарлұқтардың саяси тарихы: Қалыптасуы, көрші мемлекеттермен қарым-
қатынасы. Молдир
21.
Оғыздардың этникалық тарихы және олардың қазақ халқының этногенезіндегі
рөлі.
Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері мен
Сырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. Қырғыздар шабуылынан
840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырап, оған тәуелді түркі-оғыздар қарлұқтармен болған
қақтығыс нәтижесінде 9 ғасырда батысқа қарай ығысты. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік
және Батыс Қазақстан аумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты.
Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын
мекендеген ежелгі этностық топтар (негізінен, түркіленгендер) мен Жетісу, Сібірдің
көшпелі және жартылай көшпелі рулары мен тайпалары енді. Оғыздар бірнеше
тайпаға, тайпалар руларға бөлінді.
22.
Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы Қарахан әулеті.
Қарахан мемлекеті (942–1212) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.Жетісу
және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда,
кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері – Батыс қағанатына қарап, оның
орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет
билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық
қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер,
нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір
жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы,
оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді.
Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе
болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Испиджаб,
Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол
жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші
араб терминімен муқта немесе иқтадар деп аталған.
23.
Дамыған орта ғасырлық көшпелі түркі мемлекеттері. Қыпшақ хандығының
қалыптасуы.
.Дамыған орта ғасырлық көшпелі түркі мемлекеттері. Қыпшақ хандығының
қалыптасуы.
«Қыпшақ» атауы алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде
аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн
Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.
656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен
Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен
тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі
билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің
құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі
тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып,
қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі.
XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман
тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ
хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті
оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия
және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.
Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші жартысында
жазба деректерде бұрын осы жерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының»
(Мафазат әл-гуз) орнына Дешті- қыпшақ аты пайда болды.
Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи
географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-
территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс
қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ
қағанаты.
Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш
кезеңге бөлінді:
1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға
қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;
3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.
XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі
тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің
хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.
Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі
ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран
тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм
шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Сонымен қатар қыпшақ әскер
басшыларының көпшілігі де ұран тайпасынан болған.
Қыпшақтардың құрамына көрші жатқан түркі тілдес тайпалар да қосылған.
Қыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар
мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып,
қыпшақ атын алады. Алайда қыпшақ жұртының құрылып, қалыптасуының аяққы
кезеңін моңғол басқыншылығы үзіп тоқтайды.
XI ғ. орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен
бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды
дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды.
Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, Оңтүстікте Тараз
қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден
Қанжек Сеңгір бекінісін салады.
Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетін, Орта азиядағы Хорезм шахтар және
Қарахандар әулетімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген. XI ғ. бірінші
жартысында буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың
обьективті себебіне айналды.
XI ғасырдың басында Кимек қағанаты құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі кең
аумақ қыпшақтардың қолына өтті. Осылайша, Қыпшақ хандығы (XI ғ.-1219 ж.) пайда
болды. XI-XII ғғ. Орталық Азия мен Шығыс Европадағы түркі тілдес халықтардың
ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. Ордасы Сығанақ қаласы.
Қыпшақ мемлекеті өзінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасында елеулі көтерілген
кез XI ғасырдың ортасы.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Хандар
шығатын әулеттік ру-ел бөрілі деп аталынған. Махмұд Қашқаридің айтуына қарағанда,
XI-XIII ғғ басындағы қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы Абар хан болған екен
(Табар). Орда деп аталатын хан ордасында ханның мал-мүлкі мен армиясын басқарған
ханның басқару апараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне
түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанаты Ордасымен Жайық өзені
бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат-ордасымен Сығанақ қаласында
тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери-әкімшілік
басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс
ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы
болған.
Билеуші ақсүйек топтарының (хандар, тархандар, басқақтар, югурлар, бектер мен
байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бұған қоса рулар мен
тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай болінген. Орталық Азиянын көшпелі
мемлекеттерінде рулар мен тайпаладың қатаң иерархиясы қоғамдық және тайпалардың
қатаң негізгі принципі болды.
Қыпшактардың қоғамдық құрылымы.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің
негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған.
Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше
мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен
және одан да көп болған. Ибн Батутаның (араб тарихишсы) хабарына қарағанда, жеке
меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар
айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты қайтарумен
бірге 9 ат айып беруге тиісті болған.
Төменгі топқа малы аз шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде
пайдаланылды, ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне
құлдыққа сатылып отырған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды
«ерлер» деп атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап
өкілдеріне тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд
Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп жағдайда
олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен.
Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ерте феодалдық мемлекет болды, ол көнетүрік
мемелекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.
24.
Наймандар, керейлер, меркіттер, жалайырлар туралы ақпарат көздері.
Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың ертеректегі
мемлекеттері — Орталық Азияның шығысында — Қазақстанға
шектесіп жатқан моңғолия аумағында пайда болса да, олардың
тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Көшпелі
мемлекеттіліктің
бастаулары
Орталық
Азияның
нақ
шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде
мекендеген
халықтар
мен
тайпалардан
басталатын
дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тән
болды.
Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа
дейін созылып жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон
өзендері аралығында ежелден көшіп жүрген тайпалар
қатарында таниды. Ол – сонау жыл санауымызға дейінгі
екінші ғасырлардан бастап дәуірлеп, Орта Азиядан Сары
өзенге дейінгі байтақ аймақты жайлаған Хунну (ғұн)
ұлысының, біздің жыл санауымыздың бастапқы
ғасырларында қытай жазбаларында «теле» деген атпен
әйгеленген байырғы киіз туырлықты қандас тайпалар
қауымдастығының кесек бір сынығы. Әбілғазы жазуынша:
«Наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп
өскен халық Бірсыпыра ғалымдардың дәлелдеуінше, «оғұз»
сөзінің көне Түрк тіліндегі бір мағынасы тайпа дегенге
келеді. ( «оқ» - тайпа, «з» - жиынтық сан есім). Ал «найман»
моңғолша сегіз деген сөз. Сегіз оғұз жұртын әуелі «найман
аймақ» ( «сегіз тайпа») деп Х ғасырда моңғол тілдес қидандар
атай бастаған екен. Кейіннен моңғол империясының дүниеге келіп
дәуірлеуі, бұл сөздің негізгі атау орнында қолданыла
бастауына одан әрі жағдай жасаған еді. Зерттеушілер
бұл тайпа Х ғасырдан «найман» деп атала бастаса да,
ХІІІ ғасырға дейінгі бұрынғы «сегіз» аты да қосарлана
байқалып келгенін де ортаға тартады. Кезінде Жапон
теңізінен Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ өңірді
қоластына бағындырып, наймандарға да біраз уақыт
билік жүргізген Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті
тарихы туралы жазылған жылнамаларда (Х ғасыр)
наймандар батысында (Ертістен ары) қанлы, қыпшақ,
шығысында (Орхон, Тола және Оңғын өзенлерінің
алқабы) керей, меркіт, теріскейінде (Селеңгеннің
салалары) қырғыз, оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен
шекаралас, қоңсылас болғаны айтылады.
Керей (карайлар) — қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі
– Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі
ғұмыр кешкен ата жұрты – сонау замандарда бірсыпыра түрік
халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу
мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі
моңғол даласы және оған іргелес жатқан байтақ аймақты
қамтитын құтты мекеннің бір тұсы – Орхон, Оңғын, Керулен,
Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді. Керей атауының
шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында
Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай
Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы
Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын Кентау тауына
қатысты пікір көңілге қонымды көрінеді. Онда қазақ ғалымы көне
түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс жер
аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады. Ал Керлін алқабы
ежелден керейлердің түп-тегі Тоғыз байырқулар қоныстанып келе
жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз»,
бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе
«керейлер» боп өзгерген секілді. Қыстаулары
Алтай тауының
солтүстігінен басқа
бөліктері, Сырдарияның
төменгі бөлігі, Солтүстік
Қазақстан, Ертіс өзенінің
алабы
Жайлаулары
Алтай тауының
солтүстігінен басқа
бөліктері, Сырдарияның
төменгі бөлігі, Солтүстік
Қазақстан, Ертіс өзенінің
алабы
Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың
бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына енеді.
Диқанбай батыр шежіресі (Н.Аристов жазып алған)
бойынша, Үйсіннен — Ақсақал (абақ таңбалы),
Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Соңғысынан
— жалайыр тарайды. Басқа бір шежіреде Майқы
биден тарайтын Жансақал (тарақ таңбалы) мен
жалайыр бір адам деп тұжырымдалады.
Жалайырдың шын аты Қабылан екен. Аңыз
бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан
жалайыр атанған. Жалайыр сырманақ, шуманақ,
бірманақ болып үшке бөлінеді. Шуманақтан — андас,
мырза, қарашапан, орақты, ақбұйым, қалпе, сыпатай
аталары тарайды.
Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен мал
шаруашылығымен айналысқан. Олардың өз малына
жайылым іздеп, бір жерден екінші жерге жылына
бірнеше рет көшіп жүруіне тура келді. Көші-қон
шалғайлығы жер жағдайы мен мал санына байланысты
болған. Қысқа пішен қоры жасалмады, бірақ көшіп-қону
қыстыгүні малдың азықты өзі тауып, өз аяғынан
жайыла алатындай етіп реттеліп отырылды.
Деректемелер жалайырлардың, наймандар мен
керейіттердің көшіп-қонуын екі түрге белуге мүмкіндік
береді. Бір жағынан, азды- көпті үлкен топтар болып
кешкен (күрен әдісі) және екінші жағынан, жеке
әулеттер оқшауланып немесе шағын бірлестіктер
болып көшіп жүрген.
25.
Түркі кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстанның сәулет ескерткіштері.
Түркі
кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстанның сәулет ескерткіштері.
Орта ғасырда Қазақстан жерінде мешіт, кесене, керуен сарайлары, монша сияқты
құрылыстар көп салынған. Бұлардың біразы тарихи
-
мәдени ескерткіш ретінде қазіргі
күнге дейін сақталған. Сол ескерткіштерге қарап біз орта ғасырларда қазақ жерінде
сәулет өнерінің жақсы дамығанын көреміз. Орта ғасырлардағы кейбір ескерткіш
құрылыстар атақты адамдарға арнап ерекше үлгіде тұрғызылды. Құрылыстарды салуға
сапалы материалдар: тас, күйдірілген қыш, кірпіш т.б. қолданылған. Құрылыстарды
салуға сол заманның атақты шеберлері қатысқан.
Бүгінде Қазақстан жерінде Арыстан баб, Қожа Ахмет Йасауи, Айша бибі, Қарахан
кесенелері, Жошы хан күмбезі сияқты орта ғасырдың атақты сәулет өнерінің
туындылары сақталған. Аталған құрылыстар орта ғасырда казақ жерінде сәулет
өнерінің дамығанының айкын куәсі.
Тарихи аса құнды мұра —
Арыстан баб кесенесі ескі Отырар жұртының маңында,
Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед
пайғамбардың замандасы, Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы саналады. Арыстан баб
кесенесі Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде ІХ
-
Х ғасырларда тұрғызылған.
Кесене екі бөлмеден тұрады. Ортасында ұзынша дәлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі
күмбезбен өрілген.
Қазақ
жеріндегі тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Түркістан қаласындағы
ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауиге тұрғызылған кесене. «Әзірет
сұлтан» аталатьш Қожа Ахмет Йасауидің кешенді кесенесі орта ғасырдың сирек
кездесетін сөулет өнерінің ескерткіші. Бұл кесене 1396
-
1404 жылдары салынған.
Кесене сол кездегі Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған.
Аталған ғимарат өзінің ерекше әдемілігімен, сөулет өнерінің ғажайып үлгісімен
қызықтырады. Құрылыстың биіктігі 40 метр. Оның ішінде бір
-
бірімен жапсарлас 35
бөлме бар. Ғимараттың ортасында зәулім биік күмбез орналаскан. Кесененің ішінде
үлкен тайқазан, кітапхана бар. Кесенені салуға сапалы құрылыс материалдары
қолданылған. Қазіргі кезде кесенені көруге Түркістан қаласына көптеген адамдар
келеді. Бұл жер мұсылмандар үшін қасиетті орын болып саналады. «Мединеде
Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған. Сонымен бірге Йасауи
кесенесін қазақ халқы касиетті пантеон есебінде құрметтейді. Ол жерде қазактың
хандары, басқа да мемлекет қайраткерлері жерленген. «Пантеон» сөзі грек тілінен
аударғанда құдайлар мекені деген мағынаны білдіреді
Ерте кезден сақталған ғимараттардьщ бірі Айша бибі кесенесі. Бұл кесене ХІ
-
ХII
ғасырларда салынған. Ғимарат қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым жерде
орналаскан. Кесененің сырты түгелдей оюөрнекпен әшекейленген. Кесене бір кездері
қатты
бүлінгендіктен көптеген бөлігі сақталмаған. Бүгінде кесене кайта калпына
келтірілді.
Сәулет өнерінің тағы бір ерекше туындысы Қарахан кесенесі. Бұл ескерткіш те Тараз
қаласының маңында орналаскан. Кесене шаршы пішіндес болып келеді, порталды
-
күмбезді құрылысқа жатады. Ғимарат орталық зал мен бұрыштағы шағын үш
бөлмеден тұрады. Төртінші бұрышында кесененің төбесіне шығатын баспалдары бар.
Кесененің сырты кірпіштен қаланып әшекейленген. XX
ғасырдың басында кайта
жаңғыртылған.
Орта ғасырдағы казақ жеріндегі белгілі ескерткіштердің бірі Жошы хан күмбезі. Бұл
ескерткіш Жезқазған қаласынан 40 шакырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында
орналасқан. XIII ғасырда салынған күмбез күйдірілген кірпіштен каланған.
26.
Ежелгі және орта ғасырлардағы Ұлы Жібек жолының маңызы.
Ұлы Жібек жолы ежелгі және орта ғасырлардағы континент аралық жол, ол Еуропа
мен Азияны байланыстырған. Еуразияны бөліп Қазақстан аумағын басып өтетін Ұлы
Жібек жолының тарихы өте ертеден басталды. Ұлы Жібек жолы-Жерорта теңізі
маңындағы батыстық мәдениеті дамыған өркениетті елдерден Қытайға дейін баратын
сауда-керуен жолы. Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б.з.д. ІІІ-ІІ
ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар.
Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған.
Б.з.д. ІІ ғасырда Ұлы Жібек жолының басты сауда дипломатиялық жолы ретінде аты
шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен
өткен. Ұлы Жібек жолының VІ-VІІ ғасырлардағы ең гүлденген бағыты Қытайдан
Жетісу жеріне Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін батыс бағыты. Орта ғасыр
саудасындағы ең құнды тауар жібек болған, оның құны алтынмен бағаланған. Жібек
жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып, ол халықаралық валюта
ретінде кеңінен пайдаланылды. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара,
Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб,
Шаш, Весидж, Шауғар тағы басқа ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейін ХІІІ-
ХІV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы одан сайын артқан.
Жібек жолының маңызы. Ортағасырлық Жібек жолының маңызы мынандай: бірінші,
отырықшы және көшпелі мәдениет бірін-бірі байытты, екінші, қала саны артты,
үшінші, сыртқы байланыс дамыды, төртінші, сауда-саттық кеңейді. сондай-ақ Жібек
жолы бойындағы елдердің әдебиеті мен өнері бір-біріне әсер етіп, өзара байыды. Жібек
жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал
етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген.
Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы сауда
жолы ғана емес, көшпелі, отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы болды.
Ұлы Жібек жолы ХІV-ХV ғасырларға дейін пайдаланылды. Ал кейін Теңіз сауда
жолының пайда болуына байланысты Жібек жолы өзінің маңызын жоғалтып, өмір
сүруін тоқтатты.
27.
Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмед Ясауи
шығармаларының әлемдік маңызы.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым,
философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен
сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің
шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми
трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат
пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка
туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әбу Насыр әл-Фараби
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия,
астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына
зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында
"Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл
дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып
бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210)
негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді.
Жүсіп Баласағұн
Махмұд Қашқари
Туған жері
Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі
Қырғызстанжеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан
қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында
дүниеге келген. Қарахан әулетінен.
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған.
Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-
түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы.
Өмірбаяны.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті
билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд
осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын
көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол
тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі
толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдатқалаларында болады, түркі тілінің
сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы,
тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет
Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет
Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана).
Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет
Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының
болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент,
Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахрқалаларында ислам діні
уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап
ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі
орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады.
28.
Шыңғыс хан және Моңғол империясының құрылуы. Моңғол ұлыстарының
құрамындағы Қазақстан.
29.
Еуразия империясы ретінде Алтын Орданың қалыптасуы: территориясы,
этникалық процестер, мәдени симбиоз.
30.
Ақ Орда мемлекеті (XIII ғасырдың аяғы-XV ғасырдың басы.). Бибарыс
31.
Моғолстан (XIV ортасы-XVI ғ. басы): қалыптасуы, аумағы және этникалық
құрамы.
14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан
мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен
Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы
дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-Темір
хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің
орталығы – Алмалық қаласы.
Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір
бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия
жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекеттенді. 1360-1361 жылдары Мәуереннахрға
екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ
шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы
жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық
жасады.
Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін
де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан
тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болған соң Жүніс Моғолстанға оралып, өзін
хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид
ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына
енді.
32.
Әбілқайыр хандығы (1428-1468) немесе көшпелі өзбек мемлекеті.
Қазақстанның
орталық, батыс және солтүстік
-
батыс бетінде бірнеше тәуелсіз
феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді.
Ноғай Ордасы мен Әбілқайыр хандығының пайда болуына әкелді.
Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы
Әбілқайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан
тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс
Сібір) хан болып жарияланды.
Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б.
тайпалар кірді.
Шығыс Дешті
-
Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі
өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілқайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі
орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста
Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына,
солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілқайыр
басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен
тыныштық
болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес
жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның
ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілқайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 ж. оған
қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін
талқандады. Сол жылы Әбілқайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ,
Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының
астанасына айналдырды.
1450 жж. Әбілқайыр Мәуранахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып,
Самарқан пен Бұқарға жорық жасайды.
1456
—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілқайыр елдің
бірлігін қамтамасыз ете алмады.
Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан
жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.
1468 ж. Әбілқайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер
мемлекеті» ыдырап кетті.
33.
Ноғай Ордасы: аумағы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының іргелес
мемлекеттермен қарым-қатынасы. не понятно
34.
Сібір хандығының құрылуы, және оның саяси тарихы.
Сібір хандығы — 1468 жылықұрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың
құлдырауынан және одан Шайбани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған
хандық.
XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір .
Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Батыс Сібір алдымен Жошы
ұлысына, кейіннен Шайбани хандығына қарайды. Батыс Сібірдің орталығы – Тұра
қаласы. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.
Көшім тұсындағы Сібір хандығы. Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл
өзендерінің алабы. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр,
ханты, мансы т. б.Астанасы: Искер қаласы.1563 жылы хан тағына Көшім отырды.
Алты ұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол
1555 жылы Сібірде билік жүргізген Тайбұға мен соғысып, оны жеңеді.
Экономикасы мен мәдениеті. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар
мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін
қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.Саяси
құрылысы. Жоғарғы билеуші – хан, хан кеңесі – диван, кеңесшілер – аталықтар,
уәзірлер – қараша Сібір-Ресей қатынасы. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай
ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.1574–1575 жылдары сібірге барлауға жіберілген
Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды.1582 жылы Көшім әскерлері
атаман Ермактың отрядынан жеңіледі.1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық
казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак
отрядынан жеңіледі.1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді.1598 жылы орыс
әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан
жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді
35.
Қазақ ұлтының тарихи қалыптасуының алғышарттары. Қазақстан аумағындағы
этникалық процестер.
1457 жылы Әбілқайыр хан Үз-темір бастаған қалмақтардан өзінің астанасы
Сығанақтың түбінде оңбай жеңілді. Бұл жеңілістің салдарларын ауырлата түскен тағы
бір маңызды нәрсе, жеңген қалмақтардың кепілдікке үш жастағы Әбілқайырдың туған
немересін алып кетулері бұрынғы Жошы ұлысы аймағында Әбілқайырдың ықпалын
күрт әлсіретті. Мұны оның қарсыластары орда-ежендік сұлтандар пайдаланып, көп
кешікпей-ақ Өзбек хандығынан бөлініп, көрші Моғолстанға дүрліге көшті. Айта кетер
тағы бір мәселе, бүкіл Дешті Қыпшаққа әйгілі болған Арғындардың басшысы Ақжол
биді ноғайларды қолдайтын Қара-қыпшақ тайпасының әйгілі батыры Қобыландының
өлтіруі де жанжалды өршітіп, көшті жылдамдатып жіберді. Бұл көшті Жәнібек пен
Керей сұлтандар басқарды.
Тарихи деректерді талдау Моғолстанға Жәнібек пен Керейге ілесіп, 1459 жылы көшіп
келгендер қатарында алғашқы кезде арғындар, жалайырлар, наймандардың бір бөлігі
болған деп айтуға жетелейді. Ал 1469 жылы Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Өзбек
ұлысында бүліншілік басталып, алғашқы қазақ сұлтандарына қаңлы, қоңырат, найман,
қыпшақ, тама, керейт тайпаларының кейбір рулары келіп қосылып, енді өзбек-қазақтар
саны екі жүз мың адамға жетті. Осылайша о баста өзбек-қазақ аталған халықтың
алғашқы этникалық негіздері қаланды.
36.
Қазақ жүздерінің қалыптасу тарихы.
Алғашқы кезең зерттеушілерінің еңбектерінде қазақ жүздері тек халқымыздың саяси
және этникалық ерекшелігі ретінде ғана бейнеленген. Мысалға, А. И. Тевкелев, П. И.
Рычков, Ш. Ш. Уәлиханов, А. Н. Левшиннің еңбектерінде қазақ хандығының үшке:
Үлкен, Орта және Кіші ордалар болып бөлінгендігі және олардың рулық құрамы
туралы айтылып қана қояды. Я. П. Гавердовский болса қазақ жүздері бір атадан
тараған балалардың ұрпақтарынан тарамаған, олар күші жағынан кішіден үлкенге
қарай жоғары және текті болып табылады дейді. Төңкеріске дейінгі зерттеушілердің
еңбектерінде қазақтың жүздерге бөлінуін халық арасында тараған аңыздар мен
түсіндіретіндер де кездеседі. Оларға Н.И. Гродеков, Г. Н. Потанин, М. Көпейұлы
жатады. Бұл ғалымдардың алғашқы екеуі жүздерді бір атадан таратады, мұнда тек
аңыз кейіпкерлерінің есімдері ғана өзгеше. Ал үшінші ғалым болса үш басшысы бар
үш жүз сарбаз Алаша ханға билік құруға жәрдемші болған және соның негізінде қазақ
жүздері қалыптасқан деседі. Сонымен бірге бұл кезеңде жүздердің пайда болу уақытын
анықтауға тырысқан ғалымдар да бар. Қазақтың этникалық тарихын зерттеуші ғалым
Н. Аристов қазақтар ХVІІІ ғасырдың басында үш ордаға бөліне бастады деп
тұжырымдайды.Атақты шығыстанушы В.В. Бартольд қазақ жүздерінің қалыптасуын
көшпелі шаруашылықтың салдарынан болған құбылыс деп түсіндіреді. Себебі
Қазақстан территориясында көшуге арналған үш табиғи облыстың бар екенін айтады:
Батыс бөлігі─Орал жағасында қыстақ, ал жайлаулары солтүстік-шығыста (қазіргі
Ақтөбе облысы); Орта бөлігі қыстақтары Сары-су, Шу және Сырдарияның төменгі
ағысында, жайлаулары Есіл, Тобыл, Ертіс бойында; Шығысы Жетісу жері мен
Сырдарияның шығыс бөлігі /7/. Аталмыш авторды қазақ тарихшысы С. Асфеньдьяров
толығымен қолдайтындығын оның История Қазахстана атты еңбегінен көре аламыз.
Сонымен бірге автор қазақ жүздері−феодалдыққа негізделген мемлекеттің бастапқы
формасы дейді.
37.
Қазақ хандығының құрылуы, тарихи маңызы. Керей мен Жәнібек хандарының
рөлі. Гульназ
38.
XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және
саяси жағдайы.
39.
Қазақ хандығының Орталық Азияның қуатты мемлекеттерінің біріне айналуы.
XVI-XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, онын
шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру»
процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен
қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым (Ту-
ған жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бұрындық
кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан
бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек ұрпақтарының қолы-
на көшті. Қасым ханның тұсында /1511-1523 жж. билік
құрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалык жаг-
дайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің
қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты,
өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған
негізгі
кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағының
аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста
Жайыкка, оңтүстік-батыста Сырдын оң бойындағы бірсы-
пыра калалар косылды, солтүстікте Қасым ханнын кол
астындағы қазақтардың жайлау коныстары Ұлытаудан
асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудын көп бөлігі /Шу,
Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ карады. Қасым ханның тұсын-
да Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік
байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыпта-
сты. Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алға-
шкы мемлекеттердің бірі - ұлы князь III Василий /1505-
1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді.
Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халык ретінде батыс
Еуропаға мәлім болды.
Алайда Қасым хан тұсында Қазақ хандығы шекарасының
ұлғайғанына қарамастан, ол берік бір орталыққа бағынған
мемлекет болмады. Мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін
бірден байқалды, сұлтандар мен басқа да феодалдардың өзара
бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай колай-
сыз болып тұрған кезде, өзара қырқысудың зиянды зардап-
тары хандықты әлсіретуге әкеп соқты. Қазақ билеушілеріне
карсы моғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты
Сөйтіп Қасым хан қайтыс болғаннан кейін, феодалдық
қырқыстар салдарынан Қазақ хандығы үш иелікке бөлініп
кетті. Қазақ хандығындағы бұл саяси дағдарыс 15 жылға
созылды. Ішкі феодалдык кыркыстар және көрші елдер-
мен соғыстар халық бұқарасын катты күйзелтті, сонымен
катар Казак хандығын да едәуір әлсіретті.
40.
Хақ-Назар тұсында Қазақ хандығының нығайуы
Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580) билік құрған ханы. Қасым ханның
Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта
бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300
жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,
қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды.
Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман
екендігін көрсетті.Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға
және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш
хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524
жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның
тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды.
Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен
Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи
оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай
ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды.
Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген
Ноғай ордасы ыдырай бастады.
Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы
саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген
Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта
Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери
қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-
мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық
шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI
ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары
тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-
қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының
ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды.
Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.
41.
XVII аяғы – XVIII ғғ. басында Қазақ хандығы.
42.
Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.
XVIIғ. соңы – XVIII ғ.басында қазақтар Ташкент қаласының ішкі билігіне көп араласа
бермеген, олар тек жергілікті халықтан салық жинаумен ғана шектеліп отырған. Орта
Азия және Қазақ хандығының қарым-қатынастарында негізгі саяси мәселерден гөрі
экономикалық талаптар басты.
XVIII ғасырдың бас кезі, – деп атап көрсетті академик Бартольд,-Азия мұсылмандары
үшін саяси-экономкалық, мәдени саларында құлдырау болып табылады. Халықтың
жағдайы нашарлап кетті. Мал басы кем түсті
Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю мақсатында Жоңғар
ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы елшілер жіберіп тұрды.
43.
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |